ТАТУ ҮЙГЕ ТАҚСЫРЕТ ЖУЫМАЙДЫ Шымкентте «Тұрмыс» іс-шарасы басталды

Іс-шара кезінде тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдар тексеріледі. Полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, отбасылық зорлық-зомбылық фактілерді анықтайды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, қоғамдағы қылмыстық ахуалды оңалту, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында биылғы жылдың 15-17 шілде күндері аралығында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл отбасында және тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара болып есептеледі.

Іс-шараның негізгі мақсатыотбасылық және тұрмыста жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларды анықтау және есепке алу, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік осал отбасылармен жұмыс істеу (мәселен, ішімдікке салынған, жұмыссыз, кәмелетке толмаған балалары бар және т.б.) және полиция есебіндегі адамдарды тексеру (мысалы, бұрын сотталғандар, қорғаныс нұсқамасы берілгендер).

Іс-шара кезінде тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдар тексеріледі. Полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, отбасылық зорлық-зомбылық фактілерді анықтайды. Осыған байланысты қоғамдық орындарда және ауылдық жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағытта құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтер бірлесе жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда қорғау нұсқамасы, арнайы әлеуметтік көмек тағайындалады.

«Тұрмыс» іс-шарасы отбасындағы тыныштықты сақтау, азаматтардың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету әсіресе, әйелдер мен балаларды қорғау тұрғысынан өте маңызды.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы.

1 пікір

  • Malik Shaw
    Malik Shaw

    How to Hire the Best Crypto Recovery Expert//Lost Recovery Masters Hello Guys, be cautious before committing to any investment or trading website, as there are many unregulated platforms on the internet that take money from unsuspecting victims and walk away with their hard-earned money. I’m glad I met Lost Recovery Masters, who rescued me from these shady investment schemes and gave me back my peace of mind. Lost Recovery Masters also provides the following services: Recover your stolen or lost Cryptocurrency Phone cloning Spy on and monitor a suspected cheating partner Credit score improvement Clearing of criminal records and bad debts, etc. Contact them on Email: ( Lostrecoverymasters@gmail.com ) Website https://recoverymasters.wixsite.com/lost recovery masters whatsapp +447537105921 Don’t forget to mention Malik Shaw recommended you

Пікір қалдырыңыз