Рухани-мәдени жиын өтеді


2025 жылғы 20 наурызда Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауы және  «Түркістан облысының ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің (төрағасы – Әзіретбергенов Жарылқасын Әзіретбергенұлы) ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның алтын арқауы – ақсақалдар өнегесі» атты рухани-мәдени жиын өткізу жоспарланып отыр.
 «Жаңа Қазақстанның алтын арқауы – ақсақалдар өнегесі» атты іс-шарасының мақсаты - ұлттың рухани құндылықтарын дәріптеу, жастарға тағылымды тәрбие беру және ел бірлігін нығайтуда аға буынның рөлін насихаттау.
Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшылары және Түркістан қаласы тұрғындарының  қатысуы күтілуде.
Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залы.
  Өтетін уақыты: 2025 жылғы 20 наурыз, сағат 10.00.
Пікір қалдырыңыз