Уақыт тезінен өткен сенімді серіктестік

Қашанда ел тыныштығы маңызды. Әлбетте, көршіңмен тату болсаң, мызғымас бейбітшілік аясында шат-шадыман өмір сүресің. Қазіргідей геосаяси сын-қатерлер мен дүрбелеңдер белең алған заманда көршіңмен тұрақты қарым-қатынаста болу көп қауіптің бетін қайтарады. Бұл дауасыз шындық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықта қандай да бір саяси шарт жоқтығын, Қытайдың бейбітшілік бастамаларын қолдайтынын айтады.
Қазіргі таңда екі ел арасында мәдени-гуманитарлық салада да елеулі жетістіктер баршылық. Осыған орай елімізде мәдениет орталықтары, Лу Бань шеберханалары, Қытай жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық орталықтардың филиалдары ашылғанын атап өтуге болады.
Бүгінде Қазақстанның Қытайға табиғи уран мен ядролық отын жеткізіп отыруы да арадағы ынтымақтастықтың жарқын бір көрінісі.
Клара СЕРІКБАЕВА,
Кітапхана қызметкері.