«АҚЫЛДЫ КӨРШІҢ – ТӨРІҢ...»

Халқымызда осындай астары
терең мақал бар. Саясаты тұрақты, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан құдайы
көршіңмен тату болғанға, алыс-берісің көбейіп, барыс-келісің жиілегенге не
жетсін! Бүгін Қытай Республикасының басшымен кездескен ел Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуге
мүдделі екенін білдірді.
-Қытай Қазақстанмен
арадағы ынтымақтастығында қандай да бір саяси шарт қоймаған. Біздің егемендігіміз
бен қауіпсіздігімізге көрсеткен қолдауыңызды бағалаймыз. Қытайдың бейбітшілік
бастамаларын қолдаймыз. Еліңіздің әділ әлемдік тәртіп орнату орнату әрекеттерін
қуаттаймыз, – деп Аспан асты елін тату көрші және уақыт тезінен өткен сенімді
стратегиялық сенімді серіктес ретінде көретінін жеткізді.
Иә, бүгінде екі ел
арасындағы сауда-саттық көлемі бұрынғыдан да арта бастады. Енді бұл бағыттағы
байланыс одан әрі тереңдей түспек. Бүгінгі екі басшыларының кездесуінен осыны
аңғардық.
Ернар САҒЫНДЫҚ,
Созақ аудандық мәслихатының депутаты.