АЛЫП ҚҰРЫЛЫСҚА АСПАН АСТЫ ЕЛІ ДЕ АТСАЛЫСАДЫ


Қазақстандағы атом элек станцияларының бірін Қытайдың «CNNC» компаниясы салатыны белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Республикасының басшысы Си Цзиньпинмен кездесу кезінде аталмыш компанияға сенім артатынын жеткізді.

-Біз Қазақстанда бірнеше, тым болмағанда екі-үш АЭС салу туралы шешім қабылдадық. Осы маңызды жобаға ірі компанияларды тартуға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы жөніндегі агентігі құрылды. АЭС құрылысы бойынша Қытайды «CNNC» компаниясын сенімді серіктес ретінде қарастырып отырғанымызды ерекше атап өткім келеді, - деді.

Президент айтқандай, Қытайдың АЭС құрылысын салудағы тәжірибесі әлемдегі көп елдерден көш ілгері. Сондықтан ауқымды құрылысты ысылған әрі тәжірбесі мол мердігергер тапсыру ынтымақтастығымызды арттырып, сол арқылы қауіпсіздігімізді сақтауға негіз болмақ.

Қамбар МҰСАБЕКОВ,

экономика ғылымдарының докторы, профессор. 

Пікір қалдырыңыз