Оның ісі көпке үлгі


      Түркістан облысының білім беру саласында қызмет ететін Бақытжан Төлімбет 1985 жылы дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдады, кейін Лондон университетінде білімін жетілдіріп, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтады.

      Бақытжан Нұрмаханбетұлы өзінің еңбек жолын алғашқыда республикалық физика-математика мектебінде мұғалім болып бастады. Көп ұзамай-ақ оның білім беру әдісі көпшіліктің назарына ілігіп, білім беру саласына жаңашылдық енгізуге септігін тигізді. Қазіргі уақытта  Бақытжан Төлімбет Түркістан облысында «Әдістемелік орталық» мекемесінің басшысы болып қызмет атқаруда. Бұл орталық білім беру саласының барлық бағытын қамтып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, білім сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Орталыққа жетекшілік ету барысында Б.Төлімбет көптеген жаңа бастамалар мен жобаларды қолға алды, оның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары, оқу бағдарламаларының жаңартылуы сияқты маңызды шаралар бар.

       Бақытжан Нұрмаханбетұлы тек білім саласында ғана емес, сондай-ақ қоғамға қызмет етуде де белсенді. Оның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы бастамалары білім мен мәдениетті дамытуға бағытталған. Әсіресе, жастардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен педагогикалық жаңашылдықтарды енгізу бойынша өткізілген жобалары үлкен табысқа жетті. Сонымен қатар, оның жетекшілігімен Түркістан облысында жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп, мектептерде психологиялық қолдау қызметтері құрылды. Бұл бағдарламалар балалардың тұлғалық дамуында маңызды рөл атқарды. 

        Бақытжан Нұрмаханбетұлының еңбек жолындағы ең басты құндылықтары – адалдық пен еңбекқорлық. Қоғамның игілігі үшін адал қызмет етіп келе жатқан тұлғаның кәсіби біліктілігі мен адамдарға деген мейірімі жастардың болашағына оң әсерін тигізіп, білім беру саласында маңызды өзгерістерге жол ашты. Бақытжанның өмірі мен қызметі кәсіби маман болуға ұмтылған жастар үшін тамаша үлгі.

                   

Жұлдызай СЕРІКҚЫЗЫ,

 М.Әуезов атындағы  ОҚУ-дың 2 курс студенті.

Пікір қалдырыңыз