Түркістан түрлене береді

Облыс орталығы – Түркістан қаласы күн өткен сайын ажарланып, түрленіп келеді. Қазір қалада заманауи талапқа сай салынған көпқабатты үйлер мен Шығыс үлгісінде бой көтерген ғимараттар аз емес. Алуан түрлі архитектуралық айшықтармен безендірілген ғимараттар да көбейді. Сәулеті мен дәулеті келіскен қала келбетін көркейтуде сәулетшілердің ерекше қолтаңбасы бар екені айтпаса да түсінікті. Түркістан қаласының бас сәулетшісі, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі Мұхит КӨШЕНОВПЕН біз Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстар жайында әңгімелескен едік.

– Екінші тынысы ашылған шаһардың сәулет саласында қандай тың жаңалықтар бар?
– Өздеріңізге белгілі, биыл «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы» Заң жобасы әзірленіп,ол Парламентте талқыланған болатын. Оған Түркістан қаласының Түркі мемлекеттері ұйымы мен Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танылуы да негіз болды. Сонымен бірге, орталықтың ерекше мәртебеге ие болуына мұндағы көне жәдігерлерді, оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұраларды сақтау қажеттілігі, халық санының тез өсуі де ықпал етті деуге болады. Бүгінде осы заң жобасы негізінде шаһардың құрылыс регламенті мен дизайн коды және орталықтың құрылысын жоспарлау тәртібі айқындалуда.
Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыруда шаһардың ландшафтық-табиғи, тарихи-функционалдық және жергілікті ерекшеліктері ескерілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде рухани шаһардың өзіндік сәулет стилін қалыптастыруға негіз болатын төлқұжаты дайындалады.
– Түркістанның символы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қандай күтім жасалуда? Нысанның аумағында тағы қандай жаңғырту жұмыстары жүргізілмек?
– Кесене күтіміне келсек, бұл жерде «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы» заң жобасының тікелей әсері бар десек те болады. Себебі, аталған заң қаланың мәдени игілігін дамытып қана қоймай, тарихи байлығын сақтауға, күтімін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Қазіргі таңда Түркістан қалалық әкімдігі тарапынан маңызды тарихи-мәдени ескерткіштердің пайдаланылуына және оларды күтіп-ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылау жүргізілуде. Одан бөлек, қаладағы тарихи және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялық, археологиялық жұмыстар жүргізіліп келеді. Енді бүкіл-әлемдік маңызға ие Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келетін болсақ, ондағы күтіп ұстау, жаңғырту жұмыстарымен арнайы мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдары айналысуда. Ал, бақылау жұмыстары арнайы республикалық кәсіпорынның мекемесінің құзыретіне берілген.     
Түркістан Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танылғалы бері қала аумағында салынуға тиіс нысандарды шығыс стилінде салу ұсынылды. Бұл өз кезегінде облыс орталығының сәулет стилінің біркелкі болып қалыптасуына әсер ететін болады. Мәселен, Қолөнершілер орталығын алайық. Ұлттық қол-өнердің дамуына тың серпін беретін кешеннің ішінде шоурум бөлмелері, көрме залы, 20 қолөнершіге лайықталған сауда нүктесі мен саялы бақ, базар, ресторан, қонақүй, автотұрақ аймағы болады. Одан бөлек, аумағы 1,13 гектарды құрайтын 500 орынды Мәдениет үйінің құрылысы басталды. Аталмыш нысанда ашық сахна, саябақ, автотұрақ және балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған. Мәдениет үйінің құрылысы келер жылы аяқталып, пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, қала 5 қабатты 20 тұрғын үймен толығады. Жалпы аумағы 9,58 гектарды қамтитын нысан «Отырар» шағынауданында орналасқан.Бұл үйлерде әрқайсысында 40 пәтерден, барлығы 800 пәтер бар. 
– Түркістанда тағы қандай өзгерістер болады?
– Қаланың бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда барлық бастапқы құжаттары жинақталды. Негізгі сызбасы әзірленуде. Осы жылдың желтоқсан айында қоғамдық талқылау ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Қаланың одан әрі даму жоспары жайлы сол кезде айтқан жөн шығар. Бір нәрсе анық, қала одан әрі көркейе түседі. Оны мына көрсеткіштерден білуге болады: 2019 жылы құрылыс жұмыстарына 110 млрд. теңге жұмсалса, биыл жыл басынан бергі есеп бойынша құрылыс көлемі 154,3 млрд. теңгеге ұлғайған. Өсім 128,1 пайызды құрап отыр.
Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша Түркістан қаласы елімізде көш бастап тұр. Биыл көлемі 529400 шаршы метр пәтерлер пайдалануға берілді. Айта кетейік, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  23,6 пайызға көп. 
– Әңгімеңізге рахмет! Қызметіңізге табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан 
Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ, 
«Оңтүстік Қазақстан».

5 пікір

  • Laylaharper
    Laylaharper

    I’m Layla, a lawyer from Poland , and my journey into the world of cryptocurrency began a few years ago after a client introduced me to Bitcoin. At first, I viewed it with skepticism, but as I delved deeper, I realized the potential it held. After mining my fortune and making strategic investments, my portfolio had grown to an impressive $700,000. I felt like a savvy investor, riding the wave of the digital currency revolution. However, my excitement turned into despair when I lost access to my wallet due to a computer crash during a routine system update. It was as if my financial future vanished in an instant. I had kept my recovery codes in a secure location, but in the chaos that followed the crash, I realized that I couldn't find them. I thought I had lost everything, and it was a bitter pill to swallow. As I sat there staring at my computer, I couldn’t help but joke with my colleagues that losing access to my Bitcoin was like finding out my favorite restaurant had closed permanently: “How can I invest in my future when my future has just decided to take a permanent vacation?” After weeks of fruitless attempts to recover my wallet, I was on the verge of giving up. I tried several recovery options. But with the help of Fraud Fighter Hackers I got my Bitcoin wallet back. Email...fraudfighterhackers@gmail.com Website...fraudfighterhacker.wixsite.com/fraud-fighter-hacker WhatsApp..+447387627621

  • Туркістан қаласының азаматы
    Туркістан қаласының азаматы

    Оте қабілетті іскер Азамат , Аллахым еки дуниенин абыройын берсин. Ісіңізге береке берсін. Осындай өз ісінің мамандары көп болсын.

  • КР Енбек синирген кайраткери Жорабеков Серик
    КР Енбек синирген кайраткери Жорабеков Серик

    Жорабеков Серик 05.12.2024ж. КР Енбек синирген кайраткери Ия жас келсе иске деген Торт какпалы Туркистан, Мунын айткан азаптын ,Жырын айткан азаттын, Рухысын Казактын Мухит иним Рухани Астанамыздын софылык илимнин данин сепкен Кул Кожа Ахмет Иассауи бабамыздан бастап, небир даногой бабалар мен батырлардын мангилик мекен еткен жери сондыктан бабалар рухына адал ,Турленген Туркистанымызды саулетине даулети сай етип тулететине камил сенемин.

  • Аманов Ермахан
    Аманов Ермахан

    Керемет маман өз ісінің майталман азаматы ісіңіз өрге өрлей берсін халыққа деп істеп жатқан істеріңіз алға баса берсін

  • Ағабек Қазанбай.
    Ағабек Қазанбай.

    Мұхит мықты маман,ол қызмет жасаған Арыс қаласында да үлкен абыройы болған.Арысқа кіре берістегі Дендросаябақ ,және қала құрылымында да өз жұмысының нағыз маман екендігін,халых біледі.

Пікір қалдырыңыз