Нағыз мықтылар топ жарды
Жамбыл облысы, Меркі ауданында жамбы атудан жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Атадан балаға мирас болып келе жатқан ат үстінде садақ ату өнерін жан-жақты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайыста нағыз мықтылар жеңіс тұғырынан көрінді.
Түркістан облысы ұлттық спорт түрлері мектебінің спортшылары бұл додада 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, командалық жарыста жерлестеріміз «Массай» стилінен 1-орынды иеленді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.