Жерлестеріміз топ жарды
Түркістан қаласында баскетболдың 3х3 түрінен ел кубогі жолындағы бәсеке аяқталды. 16 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен бәсекеде Түркістан облысының құрамасы 1-орынды иеленді. Команда сапында Амина Шарипова, Робия Ирисдавлетова, Камила Мавланбекова, Наргиз Бахдилла сынды шеберлер өнер көрсетті.
Ал, өзге өңірлерде U-12,U-14, U-16, U-18 ұлдар мен қыздар командалары арасындағы ел кубогі жолындағы бәсекелер мәреге жетті. Бұл бәсекелерде де түркістандық баскетболшылар қарсылас шыдатпай, алтын медальді еншіледі. Түркістан облысының намысын қорғаған спортшылар ішінде облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де бар. Олардың қатарында Самат Әбдірахманов, Акбар Ахметжанов, Жаһангир Полвонов, Біләлбек Мәуленбеков сынды болашағынан зор үміт күттіретін жас баскетболшылар бар.
«ОҢТҮСТІК»-АҚПАРАТ.