«Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымына

Қадірлі қауым!

Сіздерді «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жарыққа шыққанына 100 жыл толуымен құттықтаймын!
Бұл – осы беделді басылымның ғана емес, тұтас қазақ журналистикасының мерейлі белесі. Алаш ардақтыларының бастамасымен құрылған іргелі газет алғашқы сандарынан-ақ ел мүддесінің бірегей жаршысына, халықтың рухани тірегіне айналды.
Тарихы терең, тағлымы мол басылым бетінде ұлтымыздың біртуар перзенттерінің қолтаңбасы қалған. Оңтүстік өлке баспасөзінің қарашаңырағы аға буынның жолын лайықты жалғастырып, қоғамда игі құндылықтарды орнықтыруға белсене атсалысып келеді. Мұны ұжымның кәсіби біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі деуге болады.
Шежірелі газет алдағы уақытта да киелі Түркістан аймағының өсіп-өркендеуіне үлес қосып, жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін.
Баршаңызға шығармашылық шабыт, толайым табыс тілеймін!

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.
Пікір қалдырыңыз