«Тарихы терең Түркістан өлкесі»

Қызылорда қаласында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарихы терең Түркістан өлкесі» атты көшпелі көрмесі өтті. 

Өңіріміздегі тарихи мұраларды насихаттауға арналған іс-шараның ашылу салтанатына Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Баян Айтымбет, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев қатысып, сөз сөйледі. Көрмеге келгендер Түркістан облысының археологиялық және этнографиялық мұрасы мен зергерлік бұйымдар коллекциясын, қолөнершілердің туындыларын тамашалады. Сонымен қатар, Кенесары хан Қасымұлының қылышын көруге мүмкіндік алды. 
Айта кетейік, көрмеге қойылған жәдігерлерді Қызылорда қаласындағы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында 15 қарашаға дейін барып, тамашалауға болады. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз