ЗАҢДЫ БҰРМАЛАУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге оның ісін жүргізу тіліне қатысты құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге тиіс екені міндеттелген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар –
ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазақ
тілінің мәртебесін көтеру қажеттігін атап өтіп: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл
ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп
есептеймін. Бірақ бұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла
жұмыс жүргізуіміз керек», — деген болатын.
ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 30-бабында қылмыстық сот ісі қазақ
тілінде жүргізілетіндігі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде
орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа да тілдердің қолданылатыны көрсетілген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық процесті жүргізетін орган
күдіктіге оның ісін жүргізу тіліне қатысты құқықтары мен міндеттерін
түсіндіруге тиіс екені міндеттелген.
Қазір сотта мемлекеттік тілде іс жүргізу ақсап жатыр деп айтуға келмейді. Алайда
сотқа талаппен жүгінетін тараптарға кеңес беретін заңды ұйымдар, олардың
өкілдері іс жүргізудің өздеріне ыңғайлы үлгісінен шыққысы келмейді. Яғни
көбінесе ресми тілге жүгінеді. Дегенмен, сотқа жүгінген тарап мемлекеттік тілді
сақтаса, сот істерін қарау кезінде «Тіл туралы» заңды бұзуға жол берілмейді. Егер
сот ісін жүргізгенде заң талаптары бұзылса, соттың қаулылармен шаралар қабылдау
қажет. Жалпы, сот істерін қарау кезінде «Тіл туралы» заңның бұрмалануына жол
берілмеуі керек.
Абзал
ӘЛІБЕКОВ,
Шымкент
қаласының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы.