Дубайға жолдама жеңіп алды

Келес ауданына қарасты Жүсіп Баласағұн атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 11- сынып оқушысы Тоғжан Тұрсынбаева «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің бас жүлдесіне ие болып, Дубай қаласына демалуға жолдама жеңіп алды.

Осылайша облыс бойынша жалғыз жеңімпаз аудан абыройын асқақтатты. Жас шәкірт болашақта дипломат болғысы келетіндігін айтады.
– Ұлттық бірыңғай тестілеуде дүние жүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Болашақта дипломат болғым келеді. Дубайға «Зерделі» оқу орталығының адамдарымен барамын. Бұл жоба негізінен балалардың оқуға деген қызығушылығын, зейінін арттыру үшін дайындалған, – дейді Тоғжан Ерболқызы.
Бүгінде Тоғжанның анасы өзі оқитын білім ордасында математика пәнінен сабақ берсе, әкесі Түркістан облыстық жастар құрамасының бапкері.
Айта кетейік, қазіргі таңда Ж.Баласағұн атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінде 600-ден аса оқушы білім алуда.
 
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз