Білім берудегі менеджмент

                              

        Күн сайын өзгеріп отыратын қоғамда мектеп қызметін заман ағымына сәйкес тиімді ұйымдастыру – қызметкерлерді тұлға ретінде құрметтеп, сенім артуға, кәсіби мүмкіндіктерін дамытуға, мектепішілік мәдениетті жоғарылатуға, білім беру стандарттарын, жалпыадамзаттық және ұлттық стандарттарды игеруге, дербес жауапкершілікті қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған орай, қарым-қатынасты басқарудың басқа төрт функциясында да «жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау» мәселесі өте маңызды. Тез тіл табыса алушылық – тиімді менеджер үшін жетекші және өте қажетті қабілет болып табылады. Қазіргі таңда білім беру саласында менеджмент айтарлықтай үлкен роль атқаратыны баршамызға белгілі.

        Мақсатқа жету үшін жағдаяттарды шешудің, дамытудың бірнеше нұсқаларын жасау, оның ішінде жағдаяттың жағымды және жағымсыз тұстары, менеджерлер мен мұғалімдердің әрекеттері алдын ала жоспарлау, тиімді нәтижеге қол жеткізудің айғағы. Ынталандыру қағидатының негізгі тетігі де қарым-қатынас болып табылады, онда коммуникацияның міндеті – шабыттандыру, қолдау, оң көзқарас білдіру, мұғалімдер мен оқушылардың нәтижелері туралы келешек көзқарасты талқылауда маңызды роль атқарады.

        Әрбір ұжымның өзінің басқарушылық қарым –қатынасы бар. Және жыл өткен сайын бұл қарым-қатынастар әртүрлі болып келеді, бұл заман талабының өзгеруіне де байланысты. Сондықтан бұл белгілі бір жауапкершілікті сезіну және туындаған жағдайға байланысты  дұрыс шешім қабылдауды талап етеді.   Міне сол кезде   басқарушылықтың теориялық білімімен  қаруланған  адам  қателіктерге бой алдырмайды деп ойлаймын. Себебі теориялық білім  басқарудың тұтас бейнесін жасауға көмектеседі.

       Осындай қасиетке ие мұғалімдерде мейірімділікпен қараудың негізгі құндылығы мен көшбасшылық қасиеті дамиды. Олар оқушыларына «шартсыз махаббатпен»  адами құндылықтардың қалыптасуына ықпал етіп, негізгі ұстанымдарды ұсынады. Негізінен мұғалім тек мұғалім рөлінен шығып, әкімшілік рөлін алған кезде, ал әкімшілік мұғалім рөліне түскенде ғана өзіне жауапкершілікті алады. Өзгеріске толы уақытта көшбасшы мұғалімнің рөлі түбегейлі өзгерді. Қазіргі кезде мұғалімнен тек басқарушы емес, нағыз көшбасшы болу талап етілуде.

 

   Гулжазира Еримбетова,

 « №49 «Сырдария» жалпы білім  беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры


 

Пікір қалдырыңыз