Шашты ана кесенесі

Қазақстанның қай аймағы да тарихи және мәдени ескерткіштерге бай. Сондай киелі мекендердің бірі Сауран ауданындағы Шашты ана кесенесі. Ол Сауран ауылдық округінің Қаражон ауылынан солтүстік шығысқа қарай 4,5-5 шақырымдай жерде. Шашты ана кесенесі XIV-XV ғасырларда салынған деп есептеледі. Аңыздарға сүйенсек, Шашты ана Жылаған атаның анасы, Құрышхан атаның әйелі екен. Халық арасында Шашты анаға қатысты аңыз-әпсаналар көп. Шашты ана өзінің ерекше қасиеттерімен халық арасында үлкен құрметке ие болған. 

Кесененің композициялық құрылымы ортағасырлық Қазақстан архитектурасының ең көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Оның қабырғалары кірпіштен өрілген, ішкі бөлігі әдемі оюлар мен өрнектерге бай. Құрылыстың ерекшелігі – оның күмбезі, ол осы аймақтың архитектурасына тән стильде салынған.

Шашты ана кесенесі тек тарихи ескерткіш қана емес, сонымен қатар, рухани орын ретінде де үлкен маңызға ие. Жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар бұл жерге әулиеге құрмет көрсету үшін, сондай-ақ, дұға ету және тілек тілеу үшін келеді. Кесене халық арасында үміт, сенім және рухани күш беретін орын ретінде танымал.

Бүгінгі таңда Шашты ана кесенесі мемлекет қорғауында және Қазақстанның маңызды мәдени мұра объектілерінің бірі. Кесенені сақтап қалу және оның тарихи мәнін келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында реставрациялық жұмыстар жүргізілуде. Туристерге кесенені көру және оның тарихымен танысу үшін барлық жағдай жасалған.

Сонымен, Шашты ана кесенесі Сауран ауданының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мәдени және рухани байлығы. Бұл кесене ата-бабаларымыздың өмірі мен мәдениетінің куәсі, руханиятымыздың ұстыны.


Жанар ЖҰМАБЕКОВА,

Сауран аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, 

дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.


Пікір қалдырыңыз