Аналар ардақталды

Жақында Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов көп балалы 36 анаға алтын және күміс алқа тапсырды. Олардың жетеуі «Алтын алқа», жиырма тоғызы «Күміс алқа» иегері атанды.
Айта кетейік, бүгінде ауданда 12 704 көп балалы ана тұрады. Олардың 129-ы «Батыр ана» болса, 1220-сы «Алтын алқа», 2999-ы «Күміс алқа» иегері. Ал, 355 ана І-ші және ІІ-ші дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған.
Ардақты аналар отбасының ұйытқысы болумен қатар, қоғамның барлық салаларында жемісті еңбек етіп келеді. Әсіресе, бұл өңірде  кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің үлесі жыл санап арта түсуде.

Д. ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ.
Пікір қалдырыңыз