Сарыағашта отбасылық сайыс өтті

Қабланбек ауылдық округі, Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Сайысқа 4 отбасы қатысып, спорт ойындарынан құралған 5 шарттан тұратын бәсекеде бақ сынасты.

Жарыс қорытындысында 1-орынды Қамановтар отбасы иеленді. Ал, 2-орынды Жүсіповтер отбасы жеңіп алса, 3-орын Тұрдиевтер мен Сатыбалдиевтер отбасының қанжығасында кетті. Сайыстың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, аталған шара салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, жасөспірімдерді достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Мейірбек ДӘУЖІГІТ,
М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың 3-курс студенті.

Пікір қалдырыңыз