Кіріс көздерін ұлғайтуға күш салынады

Түркістанды рухани астана ретінде дамыту шаралары өңір экономикасына тың серпін беруде. Атап айтқанда, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер өсімі қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім 6 жылда 2,5 есеге өсіп, былтыр 4,2 трлн. теңгеге жетті. Биыл оны 6 трлн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. 

Былтыр өңдеу өнеркәсібінде жоспарланған 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, 600-дей жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс орталығында 250-ден астам заманауи ғимарат бой көтерді. Тұрғын үйлер, мәдениет, спорт, білім, медицина, инфрақұрылым нысандары пайдалануға берілді.
Бүгінде облыстың жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Экономиканы әртараптандырып, жұмыс орындарын ашуға, кіріс көздерін ұлғайтуға күш салынуда. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет, кәсіпкерлік салаларын дамытуға басымдық берілген. 
Өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында бірнеше маңызды жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Ордабасы ауданында ірі мұнай өңдеу зауыты, Түлкібас ауданында химиялық кешен, Созақ ауданында фосфорит өндіретін кәсіпорын, Сайрам ауданында қуаттылығы 
1 000 МВт бу-газ қондырғысы, Келес ауданында аумағы 51 гектар болатын ірі өнеркәсіптік жылыжай секілді ірі жобалар жүзеге асырылатын болады. 
Өңір экономикасының басты саласы саналатын ауыл шаруашылығының өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге көбейіп, 2023 жылы 1,2 трлн. теңгеден асып, республикада көш бастады. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша өнімдерінен 3,3 млн. тонна өнім жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш! Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы жоспарланған 25 жоба толық жүзеге асты (17,1 млрд. теңге, 624 жұмыс орны).

«Оңтүстік»-ақпарат.

1 пікір

  • polkmn vcb
    polkmn vcb

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

Пікір қалдырыңыз