«Су ресурстары–Маркетинг»
Баян ДАРҒОЖИНА,
«Оңтүстік Қазақстан».
Жақында Шымкент қаласындағы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «Экологиялық ахуал» тақырыбында баспасөз туры өткізіліп, журналистер шайынды суды қабылдау кешеніне барды.
Кәсіпорын маңындағы тұрғындар, шаруалар және журналистер Бөржар жинақтағышы-тазартылған сарқынды суды сақтауға арналған арнайы гидротехникалық құрылымның жанында бас қосты. Аталған құрылымның жылдық жинақтау көлемі 35-36 миллион текше метрді құрайды.
Күзгі-қысқы кезеңде Шымкенттің тазарту құрылыстары кешені арқылы өткен сарқынды сулар су айдынының акваториясында жинақталады. Тазартылған шайынды суларды диқандар пайдаланады.
Вегетациялық кезеңнің басталуымен әзірленген кесте бойынша Ордабасы ауданының фермерлік қожалықтарына су жіберіле бастайды. Бөржар әкімшілігінде – 16, Шұбарсу ауыл әкімшілігінде 8 шаруа қожалығы бар. Олар тазартылған ағынды суларды техникалық дақылдарды суару үшін пайдаланады. Мысалы, 2024 жылы диқандар бұл суды 1000 гектардан астам егістікті суару үшін пайдаланды. Қазіргі таңда фермерлер суармалы жерлердің көлемін ұлғайтып, оны 3500 гектарға жеткізуді жоспарлап отыр. Тазартылған ағынды сулар фермалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ақысыз негізде берілетіні маңызды.
«Еркін Қайнар» кооперативінің төрағасы Еркін Арысбаев өздерінің 2 мың гектарға жуық жерінде шайынды суды пайдаланып, жоңышқа, бидай, жүгері тәрізді дақылдар егетінін айтты. «Кеңестер Одағы кезінен бері қаланың кәріз суы тазаланып келеді, бірақ, ол кезде мұндай таза болмайтын. Сонда да мал азығын дайындауға пайдалануға берілетін. Кеңес Одағы тарағаннан кейін бұл орын шетелдік құрылғылармен жабдықталды. Қазіргідей дамыған технология заманында таза, иісі де жоқ су біздің шаруашылығымызға үлкен көмек болып отыр» дейді кооператив төрағасы.
Шаруалардың айтуларынша, тазаланған тегін су олардың судан тапшылық көрмеулеріне септігін тигізуде. Тіпті, күзгі бидай да осы сумен суарылуда. Ал, күзгі бидай қара малға жем ретінде дайындалады.
2022 жылдан бастап сарқынды суларды толық тазартуды қамтамасыз ету, Бөржар жинақтағышының акваториясындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС мамандары хлорелла микроорганизмін қолдана бастапты. Осы оңтүстік өңірінің жағдайына бейімделген штамм Петропавл қаласындағы суды зерттеу жөніндегі ғылыми-технологиялық орталығында шығарылған. Тек биылдың өзінде тоғанға бес хлорелла себілді – микроорганизмді қолдану оң нәтиже берді. Хлорелла қалдық зиянды заттарды жояды және сонымен бірге оттегінің көп мөлшерін шығарады. Бұл судың мөлдір болуына жеткізді. Зертханалық зерттеулер тазартылған ағынды сулардағы оттегінің мөлшері оның форель фермаларындағы мөлшеріне сәйкес келетіндігін көрсетті. Бұл су қоймасындағы ихтиофаунаның, яғни ағынды суларды тазартуға үлес қосатын әртүрлі шаян тәрізді жәндіктердің белсенді дамуына ықпал етеді.
«Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС-нің шайынды су тазарту қондырғылары кешенінің директоры Мейіржан Есенбеков Бөржар су жинақтағышының мақсаты – қыс мезгілінде, яғни суару кезеңінен тыс кезеңде қаладан келіп жеткен шайынды суды жинақтап, тазалау екендігін айтты.
– Биыл су қоймасына балық жіберілді. 60 мың күміс тұқы, ақ амур тұқымы және крестьян шабақтары су қоймасында күннен-күнге көбейіп келеді. Балық көзге көрінбейтін личинкаларды жеп қояды. Бұл дамыған елдердің тәжірибесі. Соны біз қолданудамыз. Яғни балық – қосымша тазалау құралы.
Негізінен су механикалық және биологиялық тазалаудан өтеді. Механикалық тазалау ірі қоқыстарды ұстап қалады, сондай-ақ, судан құмды, майды айырады. Ал, биологиялық тазалауда бактерия белсенді болғаннан кейін органиканың бәрін жеп қояды. Органика болмаған су сасымайды. Сондықтан балықтарды экологиялық әдіспен жібердік.
2022 жылы су қоймасының түбінде лайларды тазалау жұмыстары жүргізілген. Келер жылы дамбысын реконструкциялауды жоспарлап жатырмыз. Тазалау құрылғысы Польшадан әкелінген.
Балықты индикатор дер едім. Сол балықтар көбейіп, өсіп жатыр. Егер балық өлмесе, су улы емес, таза деген сөз. Экологтар судың сынамасын алып, жиі тексеріп тұрады. Тәуелсіз зертханалар өздері зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қандай деңгейде тазаланғанын анықтап, бізге баға қойып кетеді. Егер талапқа сай келмесе айыппұл салуға құқылы. Алайда, ондай жағдайға жол берген емеспіз. Өзіміз де апта сайын сынама алып тұрамыз, – дейді Мейіржан Есенбеков.
Бөржар жинақтауышында құстардың да көбейіп келе жатқаны қуантады.
Егер бұрын Бөржар дискісі жағымсыз иістің көзі болса, қазір жағдай түбегейлі өзгерді. «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС-і мамандарының қазіргі заманғы биотехнологиялар мен микроорганизмдерді қолдануы жағымсыз иістің жойылуына ықпал етті. Су қоймасындағы экологиялық жағдай өте қолайлы. Бұрындары жағымсыз иіс айтарлықтай қолайсыздықтар тудырғанын, бірақ бүгінде бәрі реттелгенін тұрғындар да айтып жүр.
Серіктестік тазарту құрылыстары кешенінің жинақтағышы мен маңайындағы экологияны жақсарту бойынша алдағы уақытта да қарқынды жұмыстар жүргізе бермек.
Henry
l need a legit cryptocurrency recover specialist Lost Recovery Masters Are there any legitimate cryptocurrency recovery specialists who can assist with recovering ..Yes its Lost Recovery Masters What are some legit crypto recovery services that can be trusted? How much do they cost? What are some legit crypto recovery services that can be trusted? How much do they cost? LOST RECOVERY MASTERS I invested a lot of money to earn profits trading on BTC and lost my investments to a scam Lost Recovery Masters saved me I'm in need of crypto recovery. Who do you recommend? - Lost Recovery Masters Who is considered the best Bitcoin recovery expert? - Lost Recovery Masters What are some reputable Bitcoin recovery companies and how can one determine their legitimacy? - Lost Recovery Masters Contact them via Website: (https://lostrecoverymasters.com/) Support Email (Support@lostrecoverymasters.com)