Сан емес, сапа маңызды

Бүгінгі таңда мал шаруашылығын асылдандыру жұмысына ерекше мән беріліп отыр. Мәселен, уақ мал өсіру бойынша «Алтын асық», ірі қара мал өсіру бойынша «Сыбаға», жылқы шаруашылығын дамыту бойынша «Құлан» бағдарламалары қолға алынды. Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты қолда бар аналық  мал топтарын асыл тұқымды аталық мал түрлерімен шағылыстырып,  алынған төлдерді сұрыптау арқылы асыл тұқымды малға қол жеткізу болып табылады.

Біздің өңір мал өсіруге өте қолайлы екені белгілі. Мал басы көбейгендіктен одан алынатын ет, сүт, жүн, тері өнімдері де біршама артып, экспортталатын мал басы да өскен. Әрине, бұл мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер үшін мол табыс көзі болып саналады. Осы ретте саны бар, сапасы жоқ мал ұстағаннан гөрі кеткен шығынды ақтайтын, мол өнім беретін асыл тұқымды мал ұстаған тиімді екенін ескергеніміз жөн. Осы селекциялық іс-шараларды реттеу мақсатында 1998 жылғы 9 шілдеде ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді. Асыл тұқымды малдың тектік қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ, оны өз төлінен өсіруге, өнімділік сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттік органдардың,  жеке  және заңды тұлғалардың қызметін реттейді. Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы мәртебені арнайы палаталар береді. Республикалық палата асыл тұқымды малдарды өсiрудi және өсімін молайтуды жүзеге асыратын  жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн iске асыру және қорғау үшiн құрылып, жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Уәкілетті орган бекітілген тәртіппен асыл тұқымды өнім  мәртебесін беру  арқылы оның таңдалған бағытына қарай есепке алуды ұйымдастырады. Малдардың түрін бонитирлеу  және олардың өсімін молайту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес асыл тұқымды малдардың, оның ішінде осындай тұқымдық малдардың құндылығын айқындайды. Сондай-ақ, өнімге  асыл тұқымды деген куәліктер беруді, импортталған асыл тұқымды өнімге  экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген куәлікті немесе оған балама құжатты уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тануды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №3-3/397 бұйрығымен мал шаруашылығы  салалары бойынша асыл тұқымды мал өнімдерін есепке алу нысандарының  үлгісін  бекіткен болатын. Аталған құжаттар асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда міндетті түрде болуы керек. Олар аталық малдың плем карточкасы, аналық малдың  плем карточкасы, аналық малдарды ұрықтандыру және төлдету есебін жүргізу журналы және төлдерді өсіру журналы болып саналады. Сонымен бірге, бағалау нәтижесінің жиынтық ведомосы да бар. Осы көрсетілген құжаттар әрбір асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруашылықтарда жүргізілуі тиіс. Бұл іс-құжаттар болмаған жағдайда, деректер дұрыс ендірілмесе немесе малдан алынған өнім мөлшерлері жалған көрсетілгені анықталса, шаруашылықтарға әкімшілік шара қолданылып, кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар, нұсқамалар беріледі. Әрине, ол іс-шаралар арнайы құзырлы органдарға тіркеліп, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 407-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 
Облыс бойынша 2024 жылы осы жоғарыда жазылған талаптарды сақтамаған 9 асыл тұқымды  мал шаруашылығы анықталды. Оларға 996,84 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, орын алған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Үкіметке  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту іс-шараларын жетілдіру, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге аз пайызбен несиелер беру мәселелерін шешуді тапсырды. Ендеше, біздің шаруалар осы мүмкіндікті пайдаланып, жеңілдетілген несие алып, асыл тұқымды мал басын көбейтіп жатса бұл мемлекетіміздің  экономикасын көтеруге қосқан қомақты үлес болып шығар еді. 

Ерлан ЕШТАЕВ,
ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық 
аумақтық инспекциясының бас маманы.

1 пікір

  • Henry
    Henry

    l need a legit cryptocurrency recover specialist Lost Recovery Masters Are there any legitimate cryptocurrency recovery specialists who can assist with recovering ..Yes its Lost Recovery Masters What are some legit crypto recovery services that can be trusted? How much do they cost? What are some legit crypto recovery services that can be trusted? How much do they cost? LOST RECOVERY MASTERS I invested a lot of money to earn profits trading on BTC and lost my investments to a scam Lost Recovery Masters saved me I'm in need of crypto recovery. Who do you recommend? - Lost Recovery Masters Who is considered the best Bitcoin recovery expert? - Lost Recovery Masters What are some reputable Bitcoin recovery companies and how can one determine their legitimacy? - Lost Recovery Masters Contact them via Website: (https://lostrecoverymasters.com/) Support Email (Support@lostrecoverymasters.com)

Пікір қалдырыңыз