Жетпісінші баптың жаңалығы неде?

Заман талабына сай қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатады. Оны халыққа түсіндіріп, жүзеге асуына жағдай жасаудың маңызы зор. Сондықтан Салық кодексінің 70-бабына кеңінен тоқталып, ондағы өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіре кетуді жөн көрдік. 

Салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны салықтық зерттеп-қарау болып табылады. Зерттеп-қарау салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Оны жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен куәгерлер тартылады. Яғни салық төлеушіге тексеру жүргізу туралы хабарламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және басқа да құжаттарды, егер салық төлеуші орналасқан жерінде болмаса тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген жөн. Бұл ретте салық төлеушіге зерттеп-қарау хатты пошта немесе өзге байланыс ұйымы берген күннен кейін жүргізіледі. Ал, кодекстің 367-бабының 1-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттігі негіз болып табылады. Аталған кодекстің 114-бабы, 2-тармағының 10)-тармақшасында көзделген хабарламаны орындамаған салық төлеушінің, сондай-ақ осы кодекстің 91-бабына сәйкес әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттігі негіз болып табылады. Салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салықтық зерттеп-қарау актісі жасалады. 

Осы баптың 2-тармағының 3)-тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жүргізілген салықтық зерттеп-қарау нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушіге салық төлеушінің орналасқан жерін растау туралы хабарлама жібереді. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына өзі келу тәртібімен орналасқан жерін растайтын құжаттардың көшірмелерін және құжаттардың түпнұсқасын (салыстырып тексеру үшін) немесе нотариат куәландырған құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, салықтық зерттеу кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсінік ұсынуға міндеттейді. 

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы мынадай әрекеттердің бірін жүзеге асырады:

1) осы Кодекстің 118-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;

2) жазбаша түсінік ұсыну үшін осы тармақта белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушіде ашылған банктік шоттар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.

Осы баптың 5-тармағы, төртінші бөлігінің 1)-тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеуші өзінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына өзі келу тәртібімен салықтық зерттеп-қарау кезінде орналасқан жерінде болмау себептері туралы жазбаша түсінік ұсынуға міндетті. Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 85-бабының, 4-тармағында айқындалған тәртіппен мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.


Дархан АМАНҚҰЛ,

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы.

Шымкент қаласы. 

Пікір қалдырыңыз