Құрбылары мақтан тұтады


      Қазіргі таңда заман талабы күшейе түсуде. Гендерлік саясат бойынша, ер мен әйел таразыда тең тұрған тәрізді. Бұрынғыдай ерінің қалтасына қарап отыратын әйелдер азын-аулақ. Әр қыз-келіншектің бойында бір өнер бар. Мәселен, бірі сұлулық салонын ашып алуды жөн көрсе, енді бірі жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

      Біз бүгін өзінің бір миллионнан аса оқырманы бар жас блогер, мотиватор, бизнесте жүрген бикеш – Ақжан Байтасова жөнінде айтқымыз келеді. Ол  бизнестегі жетістігіне өзінің тынымсыздығынан жеткендігін айтты. Басында би ансамблінде билеп жүріп табыс тапқан. Кейінірек өзінің би ансамблін ашып алады. Одан бөлек желіде Айка Байтасова деген атымен танымал болған Ақжан өзінің басқа да қырларын шыңдайды. Бүгінде қыз-келіншектерге көптеген кәсіп түрлерін үйретуде. Мысалы, оның сабақтарын 999 тенгеге сатып алғандар қолдан боббоньеркилер, түрлі дәрілік шөптен иіс сабындар жасайды.

       Өзінің болашағына нық сеніммен ұмтылған бикеш алдынан шыққан әр қиындықты күлімдеп отырып жеңгенін айтады. Қолөнерге, шығармашылық саласына деген қызығушылығы бала кезінен басталыпты. Қазіргі таңда ақылды келін, керемет жар, аяулы ана болып отырған Ақжанды құрбылары ерекше мақтан тұтады. Оның барлығына қалай уақыт табатынына таңданыстарын жасырмайды. Әрине, өз кәсібін бастап алып, жарты жолда тастап кетіп жататын қыз-келіншектер жоқ емес. Олар өздеріне сенімсіз жандар. Ал, Ақжан оларға қиындықты қалай жеңу керектігі, сенімсіздіктен қалай арылуға болатындығы туралы арнайы  курстар ашып, түсіндірумен әлек. Айтуынша, бұл жолда да жетістіктері баршылық. Менің ойымша, Ақжанның  бағындырар белестері бұдан да биікте. Ал, оны жігерлендіретін тек оқырмандары екені белгілі.

 

   Маржан ҚҰДІРЕТУЛЛАҚЫЗЫ,

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 2-курс студенті.

Пікір қалдырыңыз