Бізден алты генерал шыққан!

Іргетасы 1984 жылы қаланған, бүгінде Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов есімімен аталатын Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің құрылғанына биыл 40 жыл толады. Бұл мерейлі күнді лайықты атап өту үшін алыс-жақын шетелдерден, еліміздің түкпір-түкпірінен қадірлі қонақтар мен мектеп түлектері шақырылған. Қазір салтанатты шараны жоғары деңгейде өткізу үшін дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. 

Осынау жарты ғасырға жуық ғұмырында 40 рет алғашқы қоңырауы мен 40 рет соңғы қоңырауын соққан білім ордасы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатты десеңізші... Мектебімізден түлеп ұшқан түлектердің арасында бүгінде ел мақтанышына айналғандары көп.
«Өткенді ұмыту – өшкендіктің белгісі. Өткенді ұлықтау – өскендіктің белгісі. Өткен өмір дегеніміз – тарих қазынасына қосылған үлес. Ал осы үлес салмағын саралағандағы мақсат – дәріптеу, масаттану емес, келер ұрпаққа үлгі болар, қажетіне жарар деген ізгі ниет» деп кемеңгер Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, мектептің тарихы мен жетістіктері жайлы мысалдар жетерлік.
Білім ұясы алғашында «Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты орыс тілін тереңдетіп оқыту және әскери кәсіпке бағытталған» мектеп болып ашылды. 1992 жылы мәртебесі «Республикалық әскери мектеп» болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 497 Қаулысымен мектепке  Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың есімі берілді. Сөйтіп, 2015 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі болып аталды. 
Мектеп дайындығы мықты, қарумен жұмыс істеуді жақсы игерген, білімі терең, шынығып шыңдалған, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғай алатын азаматтар дайындауды мақсат тұтады. Ұжымның басты міндеттерінің бірі – шәкірттерді отансүйгіштікке тәрбиелеп, болашақта әскери  жоғары оқу орындарына түсуге көмектесу мақсатында, түлектерді ҰБТ сынағына сапалы дайындау және әскери тәртіпке сай білім беру.  Осы жылдар аралығында мектепті 3000-нан астам түлек бітіріп, Қазақстан Республикасына, Ресей Федерациясына, алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарына жолдама алған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде Отанымызды қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы күшінің түрлі әскери салаларында қызмет етеді. 
Қырық жылда мектептен генералдар да, коғам қайраткерлері де, басқа да елдің біртуар азаматтары түлеп ұшқан. Генералдарды Қарулы Күштеріміздің алтын қоры десек, мектептің 6 түлегі генерал шеніне мектеп үшін ауыз толтырып айтарлықтай мақтаныш екені сөзсіз. Сондай-ақ, демеушілер күшімен «Жас ұлан» мектебінің материалдық-техникалық базасы нығайып, ұландардың сапалы білім алуына барынша қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Бүгінде біздің түлектер түрлі салаларда өз елімізде және өзге де мемлекеттерде абыроймен қызмет атқарып, мектебіміздің абыройын асқақтатып келеді. 
Соғыс жылдарында өшпес ерлік пен қайтпас қайсарлықтың үлгісін көрсеткен қазақтың батыры, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымовты мектептің тәрбиеленушілері орынды мақтан тұтып, өздері де батыр аталарының есіміне лайық перзент болуға талпынып жүр деуімізге толық негіз бар. 

Айкен ОСПАНҚҰЛОВА,
Шымкент республикалық «Жас ұлан» 
мектебінің қызметкері. 

1 пікір

  • Marwan Atsma
    Marwan Atsma

    BEST WAY TO RECOVER FUNDS FROM CRYPTOCURRENCY SCAM CONTACT LOST RECOVERY MASTERS The Lost Recovery Masters is a team of experienced Crypto Experts currently collecting funds back to all scam victims. Anyone that has fallen prey to these fake online imposters and bogus investments Schemes contact Lost Recovery Masters and explain your situation; They will assist you in all crypto scam retrieval funds, bitcoin wallets reclaiming, investment scam, mobile mass surveillance, and cyber – attacks. Contact them Via Whatsapp +44(7-5-3-7)-1-0-5-9-2-1 Email Support@lostrecoverymasters.com Learn More https://lostrecoverymasters.wixsite.com/recoverbitcoin2024

Пікір қалдырыңыз