Егіздер дәрігер болғысы келеді

Арыс қаласындағы С.Ерубаев атындағы орта мектепте 11 жыл білім алған Асыл мен Ардақ Пернебай бүгін алтын ұяларымен қоштаспақ.  

Бір үйдің егіз қызы Асыл мен Ардақ С.Ерубаев атындағы мектептің мақтанышы. Олар мектеп қабырғасында жүргенде түрлі сайыстарға, пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Сабақ үлгерімдері жақсы, қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысады. Егіздер уақыттарының көп бөлігін  бірге өткізетін болғаннан кейін, бір-бірінің мінезі мен дағдыларын жақсы біледі. Бір-біріне өте қамқор. Қос бойжеткен дәрігерлік мамандықты таңдап отыр. Ақ халатты абзал жан атанып, еліміздің денсаулық сақтау саласына үлес қосуды армандайды.

Е.Қожахметұлы.
Пікір қалдырыңыз