Қасиетті өнер дарыған Қарабдалов

Әл-Фараби атындағы Шым­кент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында суретші, этнодизайнер, қобызшы Кендебай Қарабдаловтың туғанына 65 жыл толуына орай «Қасиетті өнер дарыған Қарабдалов» атты кеш өтті.

Кешті Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев ашып, өнер иесін мерейтойымен құттықтады. 
Іс-шараға Кендебай Қарабдаловтың курстас жолдастары Евгений Кан, Вячеслав Останкович, Николай Шкарупа, замандасы Шолпан Бейсенбаева, Шымкент қалалық Суретшілер одағының төрағасы Әбдімүтәліп Ахметов, ҚР Суретшілер одағының мүшелері Ш.Әлімқұлова, С.Ахметова, фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, Отырар аудандық Мәдениет үйінің суретшісі Әділхан Мәлік, ақын Нұрғали Сердәлиев, Отырар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары М.Шәріпбекова, Ж.Серікқызы, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің оқытушысы Р.Темірханова, кітапханашысы Г.Асылбекова қатысып, мерейтой иесіне жылы лебіздерін арнады.
Кеш барысында Шымкент университетінің, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттері, Б.Өтеп атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары өнер көрсетті. 
Кешті кітапхана қызметкері, айтыскер-ақын М.Жарылқап жүргізсе, кітапхана директоры, филология ғылымының кандидаты, айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова қорытты.

«ОҢТҮСТІК»-АҚПАРАТ.
Пікір қалдырыңыз