«Мен жастарға сенемін...»

Сонау аламан тасыр заманда ұлтым, елім, жерім деп шейіт кеткен ұлы Мағжан ақын, ел ертеңі жастардан үмітін үзбей, сенім арта: «Мен жастарға сенемін» деген еді жалынды жыр арнай отырып.
Айтса айтқандай, қандайда бір алып ел болмасын жастарына, болашағына сенбесе бола ма?! Сөзіміздің дәлеліндей халықаралық жастар күніне орай Отырар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ел ертеңі – жастар» атты өнерлі өрендердің қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Іс-шараны аудан жастарының жетекшісі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Азамат Досанов құттықтау сөзімен ашып, ел үшін атқарар еңбектеріне табыс тіледі.
Іс-шара барысында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының жеңімпазы Сұлтан Сәуірхан «Жастарға арнау» атты жырымен шашу шашса, шетінен өнерпаз, әнші, күйші, биші жастар мереке көрігін қыздыра түсті.
Ұйымдасқан түрде жоғары көңіл-күймен өткен мерекелік концертке аудан тұрғындары көптеп қатысты.
Ә.Белгібай.