Мектеп оқушылары жазғы демалысты пайдалы өткізуде


Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары роботехникадан өтетін халықаралық  First Global Challenge  жарысқа дайындалуда. Жарыстың басты миссиясы: барлық елдердің жастарын STEAM деп аталатын ғылым, технология, инженерия және математика салаларындағы білім беру арқылы олардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, көшбасшылық пен инновацияға шабыттандыру. Беделді турнир онлайн және  оффлайн түрде өтпек. Бірінші кезеңде 100 команда бақ сынасуда.  Оның бірі – Cyberkent командасы. 


-Алғашқы кезең онлайн форматта өтеді. Өзіміздің командамызды инстаграмм желісі арқылы қазылар алқасына таныстырудамыз. Сонымен қатар, арнайы сайтта FTCSIM кодын теріп тест өтеміз. Әрине қобалжу бар, бірақ біз жеңіске жететінімізге сенімдіміз. – деп бөлісуде Арайлым Абдисаттар. 


Еске салсақ, оқушылар жылдың ақпан айында өткен Орталық Азия ойындарында I орынды иеленген, сонымен қатар Американың Массачусетс штатының Вустер қаласында өткен робототехникадан Әлем чемпионатында III орынды жеңіп алған.
Пікір қалдырыңыз