Тәртіп пен тәрбие – оқу орталығының негізгі ұстанымы
Мемлекет басшысы ҚР ІІМ-нің жыл басында өткен алқа мәжілісінде Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты – қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін орнату екендігін ерекше атап өткені белгілі. Сол жиында осы бағытта атқарылуы тиіс жұмыстарды айқындап берді. ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы қоғамда заң мен тәртіп қағидатын орнықтыруға, ішкі істер органдары үшін білікті кадрларды даярлау ісіне үлкен үлес қосып келеді.
Жалпы, орталықтың білім беру процесі полиция қызметкерлерінің білімін шыңдауға, кәсіби қызметті жетік меңгеруге бағытталған. Ішкі істер министрлігіне қараған соң оқу орнында жарғы талаптарын қатаң сақтау, бекітілген күн тәртібін бұлжытпай орындауға бас мән беріледі. Дәрістер мен нұсқаулықтар да осыған бағытталған. Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұлы Отан соғысы барысында жарғының кейбір ережелері жиі әрі үнемі ауысып немесе ішінара өзгерістерге ұшырады. Себебі, ұрыс қимылдарының тәжірибесінде ақталмады. Сондықтан жарғыны қайта қарау тұрақсыздық немесе негізсіз іс деп қабылдауға болмайды, керісінше, бұл біздің әскери істе кертартпалықтың толық түрде жоқтығына дәлел» деген сөзі бар. Мұнда қаншама адам шығыны орын алып жатқанда соғыста жарғы талаптарының қатаң сақталғандығы айтылады. Баукеңнің жарғы турасында айтқан осы сөзі орталықтың қатаң қағидасына айналған.
Жалпы, тәртіп пен патриоттық тәрбие – ел тыныштығына жауапты полиция қызметкерлері үшін ең қажет қасиеттердің бірі. Себебі, әрбір полиция қызметкерінің дүниетанымы мен рухани байлығы үстем болуы қажет. Ал, бұл үшін тәрбиелік мәні бар іс-шаралардан полиция қызметкері әрдайым мәдени әрі рухани азық алып отыруы тиіс. Орталықта ұйымдастырылатын түрлі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары тыңдаушылардың, яғни түрлі санаттағы полиция мамандарының құқықтық дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады. Айталық, Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысы мен ІІО ардагерлерімен болған кездесулер, Шымкенттегі «Ерлік» мұражайына жасалған саяхат тыңдаушыларды ерекше әсерге бөледі деп айта аламыз. Орталықта мұндай іс-шаралар күн сайын өтіп жатады.
Бізге оқуға келген тыңдаушылардың жақсы бір қасиеті – отансүйгіштігі. Қай-қайсысы болмасын, полиция қызметінің қыр-сырын меңгергісі келіп, қызығушылық танытып тұрады. Олар осында алған білімі мен тәрбиесін орынды пайдалана білсе, қызметте де, қоғамда да үлкен табыстарға қол жеткізері анық.
Ғазиз ҚОНЫСБЕКОВ,
Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы «Арнайы пәндер» циклінің аға оқытушысы,
полиция подполковнигі.
John Lucas
A LEGITIMATE CRYPTO RECOVERY EXPERT // THE HACK ANGELS Meet the hackers who can help get your crypto life savings back. A few months ago, I found myself in a precarious situation when I fell victim to a deceptive trading platform. I lost £989,000 to a fraudulent cryptocurrency investment broker I discovered on Facebook. I was scammed multiple times by individuals who promised to recover my lost funds but only added to my distress. When I found myself in a desperate situation after losing £989,000 to a fraudulent cryptocurrency investment broker. I was devastated. I reached a point where I was unsure if there was any hope left. It was then that I confided in a close friend who noticed my struggle and offered to help. He introduced me to a crypto recovery group known as HACK ANGELS. One of the best decisions I ever made was reaching out to THE HACK ANGELS to help me resolve my issue. But thanks to THE HACK ANGELS I recovered a significant portion of my losses. Their expert team worked tirelessly to trace and retrieve my funds, keeping me updated every step of the way. I cannot thank them enough for their assistance. If you ever find yourself in need of cryptocurrency recovery services, I wholeheartedly recommend reaching out to THE HACK ANGELS They are trustworthy, reliable, and undoubtedly the best in the business please contact them on email below: WhatsApp (+1(520)200-2320 ), or shoot them an email at (support@thehackangels.com) They also have a great website at (www.thehackangels.com)