Сіз білетін һәм білмейтін Сингапур

Осы аптада Сингапур президенті Халима Якоб Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Биыл наурыз айында екі мемлекеттің бір-бірімен дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толған еді.
Қазақстан – Сингапур мемлекеттері президенттерінің кездесуінде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев бүгінде елімізде елімізде 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатқанын айтты. «Сингапурдың Қазақстан экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асты. Экономикалық қиындықтар мен пандемияға қарамастан, былтыр өзара сауда-саттық көлемі 2 миллиард долларға жуықтады. Бұл өте жақсы нәтиже деп санаймын» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақпараттың хабарлауынша, Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы былтыр рекордтық көрсеткішке жетіп, 1,9 млрд АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 65,1 %-ға көп.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Сингапур тек Азиядағы ғана емес, әлемдегі ірі қаржы, сауда және көлік орталығы болып табылады. Әрине, мұндай жетістікке бұл ел бірден жеткен жоқ. Сингапурдың дәл тарихы қашан басталғанын да ешкім нақты білмейді. Сенімді ақпарат көздерінен белгілі болғанындай, IX ғасырдың ортасынан бастап 20 ғасырдың ортасына дейін бұл аралдар Британияның колониясы болған. Содан кейін аз уақыт Малайзияның бөлігі болды. 1959–1990 жылдар аралығында елді Ли Куан Ю басқарды. Ол кезде бұл арал ауыз су мен құрылысқа қажетті құмды ғана импорттап отырған ең кедей мемлекет еді.
1965 жылы 9 тамызда ел тәуелсіздігі жарияланған күннен бастап Сингапурдың қалыптасуы мен дамуы басталды. Ли Куан Ю ел бағына жаралған жан екендігін әрбір әрекетімен дәлелдеді. Ол егер мемлекет ескі сүрлеуден шықпайтын болса, онда мемлекеттің өмір сүру деңгейінің бұдан әрі нашарлайтынын жақсы түсінді. Ли Куан Ю «Сингапурдың ұзақ мерзімді 1965-1995 жылғы стратегиясын» жасауға бірден кірісті. Бұл өз кезегінде, Сингапурдың аяқтан тұрып, мемлекеттік жүйенің біртіндеп жұмыс істеуіне, ел экономикасының көтерілуіне септігін тигізді. Сыбайлас жемқорлық пен қылмысты жою, экономиканы реформалау шаралары елеулі нәтижелерге қол жеткізді.
   Сингапурдың халықаралық ірі қаржы орталығына айналуына АҚШ-тың Нью-Йорк, Сан-Франциско штаттары және Еуропаның  Цюрих, Франкфурт, Лондон қалалары өз септігін тигізді. Нәтижесінде, 1990 жылға қарай Сингапур әлемдегі дамыған 10 мемлекеттің қатарына кірді. Қазір Сингапурда 5,7 миллионнан астам адам тұрады.
Пікір қалдырыңыз