Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

АСТАНА. «Ақорда» резиденциясында 3 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Сенім грамоталарын Америка Құрама Штаттарының елшісі Дэниэл Розенблюм, Сьерра-Леоне Республикасының елшісі Мұхамед Йонгаво және Молдова Республикасының елшісі Лилиан Дарий 
тапсырды.
Президент дипломаттарды Қазақстандағы ресми миссияларының басталуымен құттықтап, олар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен және қажырлы еңбегімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Шара соңында Президент дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.
Пікір қалдырыңыз