Әскерилер біліктілігін арттыруда

Қазақстан Қарулы Күштерінің қуатты болуы әрбір әскери қызметкердің білімді де, білікті болуына тікелей байланысты. Осы орайда жазғы оқу кезеңінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес, тұрақты түрде барлық санаттағы әскери қызметшілердің мамандық бойынша даярлық сабақтары өткізіледі.

Биыл мамандарды даярлау үрдісін жоғары деңгейде өткізу мақсатында жетпістен астам оқу топтары құрылып, оқу орындары қажетті оқу-материалдық базасымен жасақталған. Сонымен қатар, сапалы білім беру үшін тиісті әдістемелік даярлығы бар тәжірибелі нұсқаушылар тағайындалған. Нәтижесінде қазір мыңнан астам әскери маман біліктіліктерін жетілдіруде. Дайындық сабақтарының мақсаты – әскери қызметшілердің өз мамандықтары бойынша білім деңгейлерін, функционалдық міндеттерін арттыру және штаттық қару-жарақты атуға, штаттық байланыс құралдарымен сапалы жұмыс істеуге машықтандыру.
​Әскери сабақ барысында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер атқаратын қызметтері аясында штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін, жауынгерлік машиналармен ату және жүргізу қағидаларын зерделейді. Ал, келісімшартпен қызмет атқарып жүрген әскерилер білімдері мен дағдыларын жетілдіреді.
– Дайындық кезінде әр маман жауынгерлік білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дәрежесін арттырады. Мамандарға терең білім беру – нұсқаушылардың басты міндеті. Себебі, осы кезеңде алған білімдерімен алдағы бөлімше, взвод және рота құрамында шоғырлану кезеңінде тактикалық іс-әрекеттерді пысықтайтын болады, – дейді нұсқаушы, аға сержант Еламан Бердіқожа.
​Айта кетейік, оқу материалдарын меңгеру деңгейін анықтау үшін алдағы уақытта бақылау сабақтары да өткізіледі.
Пікір қалдырыңыз