ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА


 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесуі
2
024 жылғы 26 сәуірде сағат 11.00-де, жеке қабылдауы сағат 12.00-де аудандық мәдениет үйінде (Жетісай қаласы, Амангелді көшесі №9а) өтетінін хабарлаймыз.

Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99,
5-93-97
байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 25 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында
(түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.

​Тиісті мекемелердің  қатысуын  қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Пікір қалдырыңыз