ШАРДАРА АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы
№826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының
2024 жылғы 19 сәуірде, сағат 11.00-де Шардара ауданы тұрғындарымен кездесуі, сағат 12.00-де жеке қабылдауы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (Шардара қаласы, Абай көшесі №54 ғимарат) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондар және «Е-өтініш» арқылы 2023 жылғы 2024 жылғы
18 сәуірде сағат 09.00 - 19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
Пікір қалдырыңыз