Дауыс беретіндер саны көп


Біздің өңір 1 миллион халқы бар үлкен облыс.  Бүгін 914  учаске жұмыс істеуде, халық көптеп келуде. Бақылауға келсек, Түркістан облысы бойынша 17 аудан, қала  сайлау учаскелеріне бақылау жасайтындарға семинар-тренинг сабақтары толық өткізілді. Барлық сайлау учаскесіне 6500 жуық қоғам өкілі, 17 капитан және 136 мобилдік өкіл белгіленді. Сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығы үшін тәжірибелі топ құрылды. Семинарда облыстық штаб қоғамдық бірлестіктер өкілдері үшін сайлау заңнамасының нормалары мен «Республикалық референдум туралы» заң бойынша түсіндерме жұмыстары өткізілді. Оған 3 500-ге жуық адам қатысты.
Сайлау учаскелері екі жарым сағат бұрын ашылды, осы уақытқа дейін өрескел заң бұзушылық байқалған жоқ.  
Қоғамдық бірлестіктер өкілдері сайлауды бақылап, мониторинг жүргізеді.


Бахытжан Шәкірұлы Әшірбаев.
"Партиялық емес байқау орталығы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы филиалы төрағасы 
Пікір қалдырыңыз