Саябақ маңында өмір сүру – денсаулық кепілі

Ірі қалалардың тұрғындары, әсіресе COVID-19 карантиндік шектеулерінен кейін, табиғатты көбірек бағалай бастады. Қала өмірінің ырғағы, жиі күйзеліс тыныштықты табуға деген ұмтылысқа әкеледі. Алайда, қала сыртына көшу – бұл әркім келісе бермейтін қауіпті қадам. Саяжайлар мен ауылдардың айқын кемшілігі – қашықтық. Бірақ, ауылға көшудің мүлдем қажеті жоқ. Себебі, саябақ жанында орналасқан пәтер өркениеттен алыстау мәселесін шеше алады. Осылайша, қала маңындағы тыныштықты мегаполис инфрақұрылымымен біріктіруге болады.

Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі бойынша қазақстандықтардың көпшілігі саябақ маңында тұрғысы келеді. Оларды түсінуге болады. Мұндай көршілік өмір сапасын арттырады. Сондықтан саябақ жанында орналасқан пәтерлер өтімдірек болып келеді. Үй қасында жасыл аймақтың болуы экологиялық таза атмосфераны ғана емес, сонымен қатар отбасылық демалыс үшін де кең мүмкіндіктер сыйлайды.

Шымкент бүгінде Қазақстанның ең серпінді дамып келе жатқан қалаларының бірі. Оның үстіне, қала жасыл желекке бөленгендер қатарында. Халық саны өскен сайын саябақтарға келушілер саны артады. Ал бұл тұста жерлері бар жеке сектор тұрғындарының бағы басым, олардың оны көгалдандыруға және демалыс үшін пайдалануға мүмкіндіктері бар. Көпқабатты үйлерде тұратындар үйінің жанында саябақтың болғанын қалайтыны айтпасада түсінікті. Қалада қолданыстағы құрылыс аудандарында саябақтар салумен қатар, жаңа биік шағын аудандарда да жасыл оазистер құру биыл қолға алынды. Ауданы 40 га болатын ең үлкен саябақ «Шымситиде» жоспарланған. Көршілес «Тұранда» саябақ аумағына 37 га, ал «Сәуле» шағын ауданындағы жасыл аймаққа 2,5 га бөлінген. Сонымен қатар, «Shymkent ӘКК» АҚ урбанистика департаментінің мамандары жұртшылықтың пікірін ескере отырып, әрбір қалалық саябақ бойынша мастер-жоспар әзірлеген.

Бірақ өздеріңіз білетіндей, Магомед тауға бармаса, тау Магомедке барады. Қалада абаттандырылған жасыл аумақтардың біркелкі бөлінбеуі байқалады. Олар белгілі бір аймақтарда шоғырланған және барлық азаматтар үшін қолжетімді емес. Сондықтан көптеген адамдар жасыл оазиске жақындап алудың қамын ойластыруда. Бір қуантарлығы, соңғы жылдары Шымкенттегі саябақтар жанында жаңа кешендер бой көтеруде. Олардың тұрғындары көптеген артықшылықтарға ие – терезеден әдемі көрініс, демалу, балалармен серуендеу және үйдің маңында спортпен шұғылдану мүмкіндігі.

Сонымен қатар, мұндай жерде өмір сүру денсаулыққа пайдалы. Ағаштар токсиндерді сіңіріп, оттегі шығарады, сондықтан саябақ қасындағы жерлер тыныс алуды жеңілдетуге көмектеседі. Ғалымдар саябақ маңында тұратын адамдарда метаболикалық синдромның даму қаупі төмендейтінін дәлелдеді – семіздік, жоғары қан қысымы және қандағы қанттың шамадан тыс деңгейін қамтитын бұзылулар жиынтығы.

Сондай-ақ, үй жанындағы саябақ белсенді өмір салтын ұстану үшін жақсы мотивация болып табылады. Фитнес орталығына барудың, жаттығу залына абонемент сатып алудың қажеті жоқ, өйткені дайын спорт алаңы бар. Жазда мұнда жүгіруге, скейтинг, аэробика және йогамен айналысуға, велосипед немесе ролик, ал қыста - шаңғы тебуге болады.

Егер спортпен айналысу ұнамаса, саябақта құстарды тамашалауға, медитация жасауға, сейіл құрып, сурет салуға болады. Жасыл саяжолдар мен жағалау бойымен үнемі серуендеу күйзелісті жеңуге көмектеседі. Мичиган университеті ғалымдарының зерттеулері бұл үшін күніне небәрі 20-30 минут жеткілікті екенін дәлелдеген. Ал Жапонияда тіпті «орманға шомылу» тәжірибесі бар – көңіл-күйді жақсарту үшін табиғат аясында серуендеу. Эксетер университеті ғалымдарының зерттеуі саябақ жанында тұратындардың өмірге қанағаттану деңгейі басқаларға қарағанда жоғары екенін айтады.

Саябақ маңында тұрғын үй кешендерін салудың жалпы халықаралық тәжірибесі қалалық билік органдарына, көрші үйлердің тұрғындары мен инфрақұрылымды жақсартуға, жақын маңдағы үйлерді абаттандыруға немесе жөндеуге міндеттелетін құрылыс салушыға тиімді екенін көрсетеді.

Экономикалық тұрғыдан алсақ, саябақ жанындағы жылжымайтын мүлік тамаша инвестиция болып табылады. Мұндай баспананың жылжымайтын мүлік нарығындағы мәртебесі жоғары және «ерекше» болып саналады. Оны қайталама нарықта табу қиын, ал сәті түсіп жатса, онда оның бағасы жоғары. Сарапшылардың айтуынша, сатып алушылардың мұндай үйлерге деген қызығушылығы бағасы сынды жыл сайын артып келеді.  Бұл аудандардағы жалдау құны да біршама жоғары. Central Park Нью-Йорк қаласына жылына шамамен 1 миллиард доллар кіріс әкеледі, оның негізгі бөлігі – жақын маңдағы ғимараттардан түсетін салық түсімдері. Сарапшылардың пікірінше, мұндай көршілік олардың нарықтық құнына жылына 26 миллиард доллар қосады. Жалпы, бұл аудандағы пәтерлер 45 пайызға қымбат. Бұл көптеген қалалардағы қалыпты үрдіс. Дубайда саябақ маңындағы тұрғын үйлер 44 пайызға, Мәскеуде – 30 пайызға, Алматыда – 26 пайызға, Лондон мен Нұр-Сұлтанда – 20 пайызға жоғары.

Мәселен, Қазақстан астанасында саябақ маңындағы бизнес санаттағы тұрғын үй (70 шаршы метр) орта есеппен 47,6 млн теңгеге бағаланады. Ал басқа аудандардағы мұндай баспана шамамен 38 млн теңге тұрады. Шымкенттегі саябаққа көршілес орналасқан тура осындай пәтердің құны 29,4 млн. (бір шаршы үшін 420 мың). Басқа аудандарда нарықтағы барлық санаттар бойынша орташа баға бір шаршы метр үшін 395 мың теңгені құрайды.

Осылайша, тұрғылықты жерді таңдағанда жақын жерде саябағы бар аймақтарға назар аударған жөн. Бұл болашаққа, денсаулыққа жасалған үлкен инвестиция.

Пікір қалдырыңыз