Апама хат

Апа, өзіңіз кеткелі алғаш рет сәуірдің самалын сізсіз сезіндік. Сіздің туған күніңізді де сізсіз атап өткелі отырмыз. Сіз жарық дүниеге келген ай басталғалы ойымыз онға, санамыз санға бөлініп жүргені жасырын емес. Жылдағы дәстүр бойынша ай басталғанда айтыстағы тұңғышыңыз Маржан Есжанова әпкем екеуміз бір-бірімізбен хабарласып, «апамның туған күніне қашан барамыз, ауылға барып келеміз бе, әлде өзі келіп қалар ма екен» деп ел жаққа елеңдейтінбіз. Сол кездерде сіздің өзіңіз де бізге іздеу салатынсыз. Ауылға келетін болсаңдар айтыңдар, келіндер ет салып қояды деп бізді сағынғаныңызды сездіретінсіз. Осылайша сіздің әрбір туған күніңіз біз үшін бір той болатын. Әр кездесіп, қауышқанымыз шынында бір мереке-мейрамға ұласатын. Енді бүгін сол өткен күнге деген сағыныштың шекпенін жамылып, мұң кешіп отырмыз. Ойлана-толғана келіп, Әселхан апам айналасындағы ақын шәкірттерінің кездесіп кеңесуіне мұрындық болып жүрген берекенің бастауы екен-ау деген ой түйдім. Апамның себебімен күйбең тірліктен қолы босай бермейтін ақын шәкірттері бір кездесіп, арқа-жарқа болып қалатынбыз. Несін айта берейік, Сіз келместің кемесіне мінген шіліңгір шілде айы бізге өте ауыр соқты. Сең соққандай күйге түстік.
Біздің есімізді жиған өзіңіз талай өлеңіңізге арқау еткен хан қызындай Ханбибі апамыз болды. «Егіле бермеңдер, Әселхан екеуміз алмаған атақ жоқ, көрмеген құрмет жоқ. Мен де бүгін кетсем де ырзамын. Денсаулықтарыңды күтіңдер, сендер аман болыңдар» деп қаттырақ айтып, қатайтты. Сіз кеткелі бетіне жан жуытпайтын Хан апамыз да жұмсара бастағандай.
Сіз кеткеннен кейін бәріміз Бекарысқа қарадық. Ары қарай қалай жүреміз, бетімізді қайда бұрамыз деп Тұран–Түркістан ақындары енесінен айрылған жетім ботаның күйін кештік. Уәлі сөзді дуалы ауыз Бекарыс балаңыз айтты. «Енді бұдан кейінгі ақындардың апасы Маржан болады. Бәріміз барлық істе Маржанмен ақылдасамыз, Маржанға қараймыз» деп кесімді сөзін айтты. Тұрандағы айтыс ақындары түгелімен осы сөзге тоқтады. Біздің батпан жүгіміз бір сәт жеңілдеп, Маржан қызыңыздың жүгі ауырлай түсті.
Сіз кеткелі көп жылдан бермен қарай арман болып жүрген Алтын домбыраны алтынға бергісіз Бекарыс балаңыз жеңіп алып, Тұранның төріне жарқыратып қойды. Сұрақ-сұхбаттарының бәрінде Әселхан апамның бір арманы еді, көре алмай кетті деп сұхбат берді. Денсаулығына көп алаңдайтын Маржан қызыңыз қос жиырма беске толды, елі елеп, халқы қалап алқалы жиын өткізді. Атамыз қазақ дүниеден өткен адамның жақын-жуықтарына көңіл айтқанда «арты жақсы болсын, соңы жақсы болсын» деп жұбатып жататын. Осы сөз бүгін менің де ойыма оралып тұр.
Аллаға шүкір, ақындарым-жақындарым, өрен-жарандарым деп бауырыңызға басқан ақын шәкірттеріңіз, балаларыңыз сіз бардағы еркелігінен арылып, етек-жеңін жинап, елдік істердің басында болуға тырысып жүр. Айгүл әпке бастаған үйдегі ұл қыздарыңыз да өз арбаларын өздері сүйреуде.
Түбінде орнығады таза қоғам,
Қалауын жүрегінің табады адам.
Айтады бір көргендер дұға қылып,
«Оңтүстік аман болса, қазақ аман» деп өзіңіз жырға қосқан Оңтүстігіміз де аман, қазақ та аман. Қазақ аман тұрғанда сіздің атыңыз да мәңгі өшпейді, Апа!
Анар ЖАППАРҚҰЛОВА,
ақын, филология ғылымының ккандидаты,
Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап
кітапханасының директоры.