Ақмаралдың әсем әлемі

Сұлтанбек Қожанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде суретші Ақмарал Байғараеваның сурет көрмесі ашылды. Қылқалам шеберінің алғашқы көрмесі Созақ ауданының 90 жылдығы қарсаңында «Мыңжылқы» Мәдениет сарайында өткізілген еді. Оған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, аудан басшылары қатысқан болатын.
Ақмаралдың туындылары көрерменін сұлулық арқылы әсемдік пен үйлесімге толы қиял-ғажайыптарға жетелейді. Көрмеге қатысушылар қылқалам шеберіне жылы пікірлері мен алғыстарын білдірді. Музей директоры Ниязәлі Дүйсенбеков музей қызметкерлері атынан талантты суретшіге сый-сияпат жасады. Ал, Ақмарал «сыйға сый, сыраға бал» демекші, музейге өзінің «Созақ үні» шығармасын тарту етті.
Қарапайым еңбек адамдары отбасында дүниеге келген Ақмарал Байғараева мектеп қабырғасында жүргенде-ақ ерекше қабілетімен ерекшеленді. Мектеп қабырға газетінің редколлегия мүшесі болды. Оқушы кезіндегі арманы оны сурет өнеріне жетеледі. Жоғары оқу орнының көркемсурет факультетін бітірген ол отыз жылдан бері ұстаздық етіп келеді. Ол мамандығын мақтаныш тұтады.
Мақсат ҚАРҒАБАЙ.
Созақ ауданы.