Түркістан облысының Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ҮНДЕУІ



Құрметті ағайын!

Қадірлі жерлестер!

Сындарлы сәтте тұрған Қазақстанның ендігі тағдыры біздің бірлікте әрекет етуімізге тікелей байланысты. Тыныштығымызды бұзып, Тәуелсіздігімізді тұғырынан тайдырғысы келгендердің теріс пиғылының жүзеге асуына жол бермеу басты міндет болып тұр.

Мемлекет басшысы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қажетті шараларды қабылдау үшін мүмкіндіктің барлығын пайдалануда. Бұл әрекеттердің оңтайлы нәтиже беретініне кәміл сеніп, Президентке барлық жағынан қолдау білдіруіміз керек. Бұл – елді тығырықтан алып шығудың жалғыз жолы.

Тар жол, тайғақ кешудің талайынан аман өткен халқымыздың бұл қиындықты да еңсеріп шығарына күмән жоқ. Қыршынынан қиылған ел азаматтарының отбасыларындағы қайғының қайталануына жол бермеу үшін әлде де арандатуға ермей, Мемлекет басшысына сенім артып, ақылмен адымдауымыз керек.

Осы соңғы жағдайлар бізге тыныштықтың, еркіндіктің қадірін үғындырды. Енді біздің алдымызда арнайы белгіленген талаптар негізінде ғана әрекет жасап, ел Президентінің барлық бастамасына қолдау білдіріу міндеті ғана тұр. Мемлекет басшысының барлық әрекетін ашық, жариялы түрде жасап жатқандығы – тұрақтылықты сақтап қалуға деген талпыныс қана екендігін айдан анық көрсетіп тұр.

Біздің ынтымақ, бірлігіміз қызықшылықта ғана емес, қиын кезеңде де сын таразысына түседі. Қазір біздің басымызға сол сәт келді. Сол асыл қасиетімізді ел тұрақтылығын аяқ асты еткісі келгендердің емес, өзіміздің, болашағымыздың ортақ мүддесіне пайдалануымыз керек.

Түркістан облысындағы Үкіметтік емес ұйым өкілдері де өтпелі кезеңде елмен, Мемлекет басшысымен бірге екендігін жеткізгіміз келеді.

Барша Қазақстан жұртшылығында Тәуелсіздіктің ғұмырлы болуына бірлесе әрекет етуге үндейміз!

Біз, халықтың парасаттылығына сенеміз!

 

Түркістан облыстық Үкіметтік емес ұйым өкілдері.



Пікір қалдырыңыз