2 милионға жуық азамат емханаларға тіркелді

Ысқақ САДЫҚ,

Оңтүстік Қазақстан 


15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткен науқанға Түркістан облысының тұрғындары өз қалауы бойынша емханаларды ауыстыру мүмкіндігін алды. Науқанға облыс аумағынан 46 медициналық ұйым қатысты.  Бұл туралы Түркістан өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Лаура Сапарбекова мәлімдеді.

           Бөлім басшысының айтуынша, 2021 жылғы 17 қарашадағы жағдайға сәйкес, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына облыстан 1 999 929 азамат тіркелген. Оның ішінде шетелдік азаматттар мен қандастар да бар. Сондай-ақ емханаға тіркелгендердің ішінде 1 641 199 адам -- ауылдық жерлердің тұрғындары.

         «Айта кетерлігі, Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ЕАЭО құрамындағы елдерінің азаматтарының, тұрақты тұратын және тұруға ықтиярхат алған шетелдіктердің емханаға тіркелуіне болады. Сондай-ақ медициналық санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымына бекіту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек алу үшін тиісті ерікті медициналық сақтандыру шарты (ЕМС) болуы шарт. Медициналық-санитариялық көмек ұйымын таңдап және учаскеге бекітілгенде пациент ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің барлық толық қызметтерін аа алады. Үй жағдайында қызмет көрсету мүмкіндігін алу үшін азамат тұрғылықты жеріне жақын емхананы таңдауы тиіс»,-- деді Лаура Ділдәбекқызы.

         Медициналық ұйымдарға қатысты қосымша сұрақтар болса, жақын аймақтағы емхананың анықтама қызметіне немесе қордың fms.kz ресми сайтына, 1406 байланыс орталығына, Telegram-дағы SaqtandyryBot, Qolday 24/7 мобильді қосымшасына өтініш қалдыруға болады. 

Пікір қалдырыңыз