Түркістанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кіші футболдан турнир өтті

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Түркістан облысы бойынша аудан, қала «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлері арасында  кіші футболдан облыстық турнир өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған турнирге орталық қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, тартысты ойын көрсетті
Ақтық ойынды арнайы келіп тамашалаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы турнир жеңімпаздарын құттықтап, марапаттарын табыстады. Доп додасында l-орынды Сарыағаш ауданына, II-орын Бәйдібек ауданына, III-орын Мақтаарал ауданына бұйырды. Сондай-ақ, Лесбек Әділбек (Сарыағаш ауданы) – үздік қақпашы, Төлебай Нұртас (Бәйдібек ауданы) – үздік қорғаушы, Кенжетаев Дүйсенғали (Мақтаарал ауданы) – үздік шабуылшы номинацияларына ие болды. 

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз