«ТҮРКІСТАН – ӨСКЕМЕН» авиарейсі ашылды

Түркістан халықаралық әуежайында «ТүркістанӨскемен» рейсі ашылды. Бұл түркі әлемінің рухани орталығында іске қосылған 16-әуе бағыты. Бұған дейін іске қосылуы керек болған авиарейс Өскемен халықаралық әуежайындағы қайта құру жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Аталған әуе бағыты ашылған соң, жолаушылар легі төмен болатын «Түркістан-Семей» әуе бағыты жабылды.
Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан немесе 
aviata.kzkaspi.kzchocotravel.comtickets.kzprobilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады. 

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникацилар қызметі.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз