Темір ата жайлы не білеміз?

Өрелі ел болуды мұрат тұтқан ата-бабалардың тарихи жолына танымдық тұрғыда үлкен мән берілуі жаңарудың, жаңғырудың негізі екені даусыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу жолындағы маңызды стратегиялық мақсаттарды атап өткен болатын. Рухани жаңғыру халықтық мәдениеттің этникалық бірегейлігін сақтап, ұлттық рухты қалыптастырады. Тарихи-мәдени бірегейлік дала өркениетінде адамның есте сақтау, рухани мәдениеттің материалдық ескерткіш нысандары негізінде көрсетілген. Ұлттың тарихи жадының мәдени тетігі архивте, музейде, кітапханада сақталған болса, жадтың топографиясы ретінде «есте сақтау орындарын» айтуға болады. «Естелік орындары» тұлғаны қоғамдық және жеке санасында анықтайтын және көрсететін дүниетанымдық және тарихи мазмұннан тұрады. Тарихи және мәдени ескерткіштер, мемориалдық кешендер, арнайы ғимараттардың әрбірі қазақ тарихын бейнелейді. Ескерткіштің әлеуметтік-мәдени қызметі адамның сана-сезіміне азаматтық-патриоттық тұрғыдан ықпал ететін қоғамдық функцияларды жүзеге асырып, бүгінгі ұрпаққа сол кезеңнің тарихи дәуірі, әлеуметтік ақпарат, тұлғалар бейнесін танытады.    

Шымкент қаласында Темір аталығына арналған еңселі ескерткіш кешені тұрғызылып, алдағы уақытта ашылу жоспары белгіленіп отыр. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер, өзін ғана білген ұл, құлағы мен жағын жер» деген қазақ жұрты түп тегін білуге ежелден-ақ көп көңіл бөлген. Қазақ халқының тарихын толықтай зерттеп, білу үшін, алдымен, рулар мен тайпалардың тарихын қазақтың өз ішінен шыққан зиялы азаматтардың зерттеуі өте маңызды. Халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Ол – халықтың этникалық құрылымын анықтап, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. 
Қазақ халқы үш жүзден тұрып, рулардан құралған біртұтас ел. Ұлы жүз рулары негізін Өгем, Қазығұрт, Түлкібас таулары мен Қаратаудың күнгейін мекендеген Дулат, Сіргелі, Ысты, Қаңлы, Шанышқылы тайпалары құраса, бұлардың ішіндегі ең көбі – Дулаттар. Дулаттан Ботбай, Жаныс, Сиқым, Шымыр, Темір, Шегір аталықтары таралатыны белгілі. Жалпы, Темір ру жайлы айтылатын ауызша аңыз әңгімелер көп. Соның бірі – «шын аты Темірболат екен, кейін болаты қалып Темір атала бастаған» дейді. Осы рудың шығуына байланысты Темірші ата, Темір әулие туралы бірқатар аңыздар да бар. Темір руының аталары туралы деректер тарихшы-шығыстанушы, этнограф Н.Аристовтың «Опыт выянения этнического состава киргиз-казаков Большой Орды и Каракиргизов» атты еңбегінде: «по г-ну Южакову у Чемыра показаны сыновья Чинходжа, у него Темиръ и Чокай» деп жазған мәлімет бар. Ғалым В.В. Радловтың «Из Сибири» еңбегінде «Западное крыло Большой орды: сихым около Чимкента, джамыс, темиръ, шымыръ, ботпай у Аулиеаты» деп берілген екен. 1915 жылы шыққан статистикалық зерттеулер жинағында Темір руының аталарының аты жеке-жеке аталады. XX ғасырдың басындағы «Материалы по киргизскому землепользованию» статистикалық жинақ бойынша Темірдің «Ердес-темир», «Худайсугур-темир», «Уркунчи-темир», «Акберди-темир», «Кран-темир», «Кедей-темир» атты аталар аталынады. Соған қарағанда Темірден таралатын ең негізгі аталар да осылар. Темірлердің негізгі бөлігі Шымкент уезінің Сарыбұлақ болысында жинақталып отырған. Ташкент уезінде біраз Темірлер мекендеді, олар өзін кейде «Темірші» деп те атаған. Темірлердің жауынгерлік ұраны мен таңбасы, малына салған ені туралы бір мәлімет Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Түркістан бөлімі экспедициясының мәліметінде кездеседі. Сол бойынша Ташкент уезінің Атшыбұлақ, Кемербастау деген жерлерінде отырған дулаттың Темір руының негізгі ұраны «Дулат» болған. Сонымен қатар, олардың басқа да өзіндік ішкі рулық аталық ұрандары болғаны айтылады.  
Оңтүстік өңірді мекен еткен көне халықтардың ұрпақтары байырғы баба тарихын қастерлеп, сәулетті ескерткіш тұрғызып отыр. Монументті ескерткіште Темір атадан тармақталатын Ердес, Аман, Есен, Таздар, Ырысай, Дүйсенбі, Кедей, Шерубай, Ақберді, Үркінші, Меңіс, Ақтамберді ру жүйесі жазылған. Бұл орын келешекте ел-жұрт, туристер келетін кешенді құрылысқа айналады деген сенім бар. Біздің қазақ халқы бір-бірін құрмет тұтып, ұлықтаған халықпыз.  Бабаларымызға тұрғызылған ескерткіш – төл тарихқа тұрғызылған ескерткіш деп білеміз. Алыстан көз тартар ескерткішті көрген ұрпақ елжандылық қасиетті бойына қалыптастырып өседі. Бұл игілікті істі руханият құбылысы деуге болады. 
Тарихқа тағзым, өткенге құрмет деген осы. Төбеге қарап тарихын түгендейтін киелі өңірдің мәртебесі әрқашан асқақтай берсін!  

Шымырбай НАРТБАЕВ, 
Орталық Азия инновациялық университетінің Қазақстан тарихы және құқықтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

11 пікір

  • Жұлдыз Нурмахан
    Жұлдыз Нурмахан

    Мен қыран темір боламын

  • Акторе Маханбет
    Акторе Маханбет

    Ырысай Темір болам

  • Байментаев Бек Еруланүлы
    Байментаев Бек Еруланүлы

    Ассалауму алейкум! Мен тек темыр екенымды билем . Баягы Ванновкада туылгам. Акесыз осып аталарым туралы билмейм . Темыр журтымен таныскым келеды. 8775 555 75 73 Бек

  • Бейбіт
    Бейбіт

    Ердес Темір болам ТЕМІРДІ үлкен баласы диді

  •  Болат
    Болат

    Ассалаумағалейкум Темір Бабадан тараған бауырларым.Менің атам Исабек Түлкібас ауданы Қайыршақты деген жерден соғысқа аттанып хабарсыз кеткен Әкем біз Қран Темір боламыз деп айтып отыратын.оОсы Қран Темір жайлы мәлімет болса ватсапқа 87787775162 жазыңыздаршы

  • Даулетов Курманбек
    Даулетов Курманбек

    Домалақ ана кесенесынде Шырақшымын. Темырмын. Мәлімет алғыларыңыз келсе, Әулеге келгенде сұраңыздар менен

  • МҰРАТ
    МҰРАТ

    Менде Темір болам

  • Самат Алкен
    Самат Алкен

    Темыр руы туралы толык былсек

  • Джубаев Жақсыкелді Сейлбекұлы
    Джубаев Жақсыкелді Сейлбекұлы

    Ассалаумалейкум Аға Темір руы Сейілбек Джубаев Қай атадан тараған бізге айтпаи кеткен руым Темір екенін білем арғы жағын білмеим сізде шешіресі болса жіберсеңіз лұрыс болар еді. Мен білем Тулкібас жақта қалхоз жамбыл жақта Джубандықовтар турады сол кісілер ағайындары арғы жағын білмеймін. Ватцап ном 87470550803

  • нурлыбеков ергали
    нурлыбеков ергали

    Темір руі одан Дүйсенбі осы Дүйсенбіден Байкісі қай тармақта таралады,Осы жөнінде мәлімет білетіндер болса хабар берсеңіздер,

Пікір қалдырыңыз