Даррен Диц кішкентай фанаттарына уәде берді

«Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Диц Жүрек орталығына арнайы келіп, кішкентай пациенттерін қуантты. Осылайша 8 жасар Азамат пен 6 жасар Олеся өздерінің «кумирімен» ойда-жоқта кездесті. «Барыс» капитаны бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға зор денсаулық пен табыс тіледі, Жүрек орталығы қорынан естелік сыйлықтар табыс етті.
Азамат Абдукахаровтың жүрегі бала кезінен ауырады. Сондықтан шектеуші кардиомиопатия құрылғысын қолданады. Оған жүрек трансплантациясы қажет болды. Өкінішке қарай, Қазақстанда балалардың жүрегін ауыстыру мәселесі өте күрделі. Сондықтан Азаматқа жаңа жүрек Үндістанда салынды. Қазір ол толық тексеруде  жүр әрі оңалту курсынан өтуде. Ал, Олеся Кальсинадан жүрек ырғағының бұзылуы анықталған. Осыған байланысты ол электрофизиологиялық зерттеу және радиожиілік абляциясы түрінде сәтті емделді. Қазір екі кішкентай пациент орталық дәрігерлерінің сенімді қолында.
Қысқа әрі шынайы кездесу хоккейшіге де қатты әсер етті. Капитан жаңа маусымның алғашқы соғылған шайбаларын балаларға арнайтынына уәде берді. Даррен Диц кішкентай пациенттермен әңгімелесуден кейін орталықтың  бөлімшелерін аралап көрді. Дәрігерлер оған науқас балалардың қандай ем алатынын айтып түсіндірді, түрлі оңалту процедураларымен таныстырды. Кардиохирургия мен кардиологияны дамыту бойынша жоспарларымен де бөлісті.
Даррен Дицке мейірімді жүрегі үшін алғыс айтамыз! Оған және «Барыс» хоккей командасына үлкен жеңістер тілейміз!

Жүрек орталығының баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз