Ардагерлер үн қосты

Биыл 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауын жариялаған болатын.

Осыған орай Түркістан қаласында Президент Жолдауын насихаттауға арналған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісі болып өтті. Жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыс әкімі аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Самат Расул, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәурен Сариев және онлайн режимде зиялы қауым өкілдері, аудандық, қалалық ардагерлер ұйымдары мен әкелер мектебінің төрағалары, әжелер алқасының төрайымдары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов күн тәртібін баяндап, Жолдаудағы маңызды мәселелер мен айқын ерекшеліктерді атап өтті.
«Жолдау – елдің ішкі және сыртқы жағдайларын терең бағамдай отырып, Президенттің қазақстандықтарды топтастыру жолындағы тиімді шарасы. Жолдау арқылы әрбір азамат елдің даму бағыттары және мүмкіндіктерімен таныса отырып, болашақтарына осы құжатты бағдаршам етеді. Біздіңше биылғы Жолдаудың бұрынғылармен салыстырғанда бірнеше ерекшелігі бар. Біз өз кезегімізде Жолдаудың жүзеге асуына өзіміздің лайықты үлесімізді қосуымыз керек» деді Жеңісбек Мәуленқұлов.
Сонымен қатар, жиында жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері, облыстық ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі Мархабат Байғұт, алқа мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстапа Сүлейменов, Қазығұрт аудандық әжелер алқасының төрайымы Бағила 
Исмаил, Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков сөз алып, Жолдау аясындағы атқарылар жұмыстарға өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында Жеңісбек Мәуленқұлов Президент Жолдауына қатысты арнайы қаулымен таныстырып, ол алқа мүшелері тарапынан бірауыздан мақұлданып, бекітілді.
Пікір қалдырыңыз