Жүйелі саясат – мемлекет тұрақтылығының негізі

Біздің ендігі міндетіміз – осы Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету болмақ.

ҚР Президенті биылғы Жолдауының алғы сөзін жер бетін жайлаған, адамзаттың көңілін алаңдатып, біраз елдерді, оның ішінде біздің елге қауіп тудырған індетке тоқталып, одан елімізді аман алып шығудың жолдарымен бастауы талай қазақстандықтардың жүрегін жылытты деп ойлаймын.

 

Мемлекет басшысы Жолдауында отбасылық-демографиялық салада жаңа  саясат басталғанын жариялады. Бұл сала – Жолдаудың негізгі объектілерінің бірі деп ойлаймын. Сонымен қатар, күн тәртібінде тұрған ауыл шаруашылығын субсидияландыру, өнеркәсіпті жан–жақты дамыту жолдарын белгілеп, көлеңкелі бизнестің және кредит алудың құйтырқы жолдарын ауыздықтау керектігі туралы Үкіметке тапсырмалар берді. Одан бөлек, әлеуметтік, экономикалық саладағы проблемаларды шешу жолдарына тоқталып, бүгінгі күннің басты мәселелерін айналып өтпеді. Бұл тұрғыдан келгенде, Жолдауда айтылған әр сөз маңызды деп білемін.
     

Иа, еліміз әлі бұғанасы қатаймаған жас мемлекет. Жас мемлекетті алға сүйрелеп, жолының даңғыл болуы көшбасшысына байланысты. Ал, біздің ендігі міндетіміз – осы Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету болмақ.

 

 

Мырзабай ӨКСІКБАЕВ,

Отырар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Пікір қалдырыңыз