Иран – Израиль қақтығысы: кім ұтады, кім ұтылады?

14 сәуірге қараған түні Израиль аумағына 300-ден астам ирандық дрон, баллистикалық және қанатты зымырандар шабуыл жасағаны белгілі. Назар аударарлығы, Иордания, АҚШ және Ұлыбритания Израиль қорғаныс армиясына үлкен соққыны тойтаруға қолдау көрсеткеніне қарамастан, Батыс елдері әлі де шалт қимыл жасаудан сақ болуды жөн көріп отыр. Алдымен АҚШ президенті Джо Байден, содан кейін Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон аймақтағы басты одақтасы — Израильді бұл соққыға жауап бермеуге шақырды.  Демек, Батыс елдері үлкен соғыстан аулақ болуға тырысатын сияқты. Бірақ, Израильді барлық күштермен қорғауға дайын екендіктерін де білдіріп отыр. Неліктен АҚШ пен оның одақтастары Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуіне мүдделі емес, Джо Байденнің ұстанымы Израиль жоспарларына қаншалықты әсер етеді және Иранға кім қолдау көрсетуге дайын? Міне, осы мәселелерді тарқатып көрсек деп едік...

 АҚШ та алаңдаушылық білдірді...

Израиль армиясының мәліметі бойынша, Иран барлығы 300-ден астам оқ-дәрілер мен ұшқышсыз ұшақтарды, соның ішінде 170-ке жуық дронды, 30-дан астам қанатты және 120-дан астам баллистикалық зымыран ұшырды делінеді. Бұған қоса Израиль тек «бірнеше зымыран» ел аумағына ұшып, «аз ғана зиян келтірді» дейді.     
Иран қарулы күштері мен Ислам революциясы қамқоршылар корпусының Израильге соққыларынан кейін АҚШ та сақтана бастаған сыңайлы. CNN таратқан ақпаратта президент Джо Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ Иранға қарсы шабуыл операцияларына қатыспайтынын мәлімдепті. Ақпарат көздерінен белгілі болғанындай, Биньямин Нетаньяхудың Иран аумағына іле-шала шабуыл жасамағанына АҚШ-тың осы ұстанымы әсер еткен.
«Биньямин Нетаньяху президент Джо Байденнің қоңырау шалуын күтті. Кек алудың бірнеше нұсқасы болды, бірақ оны Ақ үйден соғылған қоңырау тоқтатты. «Бұл пойыз вокзалдан кетіп қалды, енді біз демалып, тағы бір рет ойлана аламыз» деді Израиль шенеуніктерінің бірі журналистерге жасырын түрде берген сұхбатында.
Осылайша Джо Байден Израиль билігіне Иранның соққысын жеңіс деп санап және осы әрекетті өршітпеуді ұсынды. Сонымен қатар, ол Иранның Израильге жасаған шабуылына ашық түсініктеме берген жоқ. Politico басылымы мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті одан әрі өршіткісі келмеуімен байланыстырды.
Алайда, одақтасты қолдау мәселесі бойынша Джо Байден бірден АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонға жүгініп, оны Израильге жаңа көмек пакетін шұғыл түрде келісуге шақырды.
Сонымен бірге Пентагон басшысы Ллойд Остин АҚШ-тың Израильді қорғауға дайын екендігін мәлімдеді. Израиль қорғаныс министрі Йоав Галантпен сөйлескенде, ол елді «Иран агрессиясынан» қорғау үшін қажет нәрсенің бәрін жасауға уәде берді. «Біз Иранмен қақтығыс іздемейміз, бірақ өз әскерлерімізді қорғау және Израиль қорғанысын қолдау үшін әрекет етуден тартынбаймыз» деді Остиніңіз.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де Ұлыбритания мен Германияның сыртқы істер министрлері Дэвид Кэмеронмен және Анналена Бербокпен қақтығысты одан әрі өршітпей, оларға қарсы тұруға дайын екендігін мәлімдеді. Мұны Батыс елдерінің басқа өкілдері де қолдады. 
Франция президенті Эммануэль Макрон әдеттегідей бірден Иранды айыптай жөнелді, бірақ, сонымен бірге ол жауап соққы беру мүмкіндігін емес, қақтығыстың жаңа кезеңіне жол бермеу керектігін айтты. Макронның айтуынша, Франция Иорданияның өтініші бойынша ирандық дрондарды ұстап алуға қатысқан және болашақта да Израильді қорғауға тікелей қатысуға дайын. Осындай мәлімдемені Германия канцлері Олаф Шольц те жасады. Дегенмен, Иранның Израильге шабуылын ол «бұрын-соңды болмаған және соңы қорқынышты фактор» деп сипаттады, дегенмен, соққыға жауап беру туралы ештеңе демеді. 
Десе де, АҚШ-тан басқа Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Жапония және Канада кіретін «Үлкен жетілік» елдері Израильді қолдау туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Онда, атап айтқанда, жағдайды одан әрі тұрақсыздандырмау үшін шаралар қабылдауға дайын екендігі атап өтілді. Таяу Шығыстағы дағдарыс үшін барлық жауапкершілік Иран басшылығына жүктелді. «Иран өз әрекеттерімен аймақты тұрақсыздандыруға жақындады және қақтығыстың бақылаусыз өршуіне себеп болу қаупі бар» делінген хабарламада. Сонымен бірге G7 елдерінің басшылары Израиль билігін белсенді шабуыл әрекеттерінен бас тартуға  көндіруге ниетті.
Сонымен, Ұлыбританияның тұрақты өкілі Барбара Вудворд «Израильдің қауіпсіздігін қорғауға» уәде берсе, Қытай өкілі Дай Бин қақтығыстың барлық тараптарын «барынша ұстамдылыққа» шақырды. Ал, Ресей тарапы Иранның соққыларын Израиль билігінің бұрынғы әрекеттерімен және БҰҰ-ның шешім қабылдауға қауқарсыздығымен байланыстырды. «Иранның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Израильдің Дамаскіге қарсы өрескел шабуылына масқара әрекетсіздігіне жауап болды және бұл бірінші жағдай емес» десті. Иран да бұл шабуылдың Дамаскідегі Иран консулдығына жақында жасалған Израильдің зымыран соққысына жауап екенін ресми түрде мәлімдеді. Иран қарулы күштері бас штабының басшысы Мұхаммед Багери Иран операцияны жалғастыруды жоспарлап отырмағанын, бірақ Тель-Авив Тегеранға қарсы қандай да бір шара қолданатын болса, Иранның келесі операциясы бұдан да ауқымды болатынын ескертті. Егер Израильдің жауап беру мүмкіндігі оның серіктестерінің ұстанымымен тығыз байланысты болса,  Иран өз бетінше әрекет етеді. Бірақ, ол, сарапшылардың айтуынша, үлкен соғысқа дайын емес. 
Иранның Израиль аумағына тікелей шабуылдардан басқа маневр жасау алаңы да бар. Бұл – Израильге аз қауіп төндірмейтін ХАМАС пен «Хезболла» радикалды қозғалыстарының қолдауы. 

Жағдайдың ушығуы мұнай бағасына неліктен әсер етеді?

Қақтығыстың күшеюі АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінің экономикасындағы онсыз да ушығып тұрған дағдарысты одан сайын ушықтырып, соның салдарынан мұнай бағасының аспандап кетуі мүмкін. Сонымен қатар, Украинадағы қазіргідей қақтығыс жағдайында Батыс елдері Израильге көмектесу үшін тағы да қомақты қаражат шығаруға дайын емес. Оның үстіне Иранға жауап беру арқылы оның экономикасына ықтимал соққы, инфляция және Иран риалының құнсыздануы өзара тәуелді әлемде тағы да көп қиындықтар туғызады. Яғни Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс одан әрі шиеленісе түссе, мұнай бағасы барреліне 100 доллардан көтеріліп кетуі мүмкін. ОПЕК шеңберіндегі үшінші ірі мұнай өндіруші ретінде Иран шикізат қорына байланысты мұнай нарығына стратегиялық тұрғыдан ықпал етеді. Сарапшылардың пікірінше, әлемдік нарықтағы жеткізілімдердегі кез келген заң бұзушылық мұнай бағасының қымбаттап кетуіне әкелуі мүмкін. Олар сондай-ақ, нарық қатысушылары аймақтағы оқиғаларды, соның ішінде Ормуз бұғазының ықтимал жабылуын мұқият қадағалайтынын атап өтті. Иран мен Оман арасындағы бұғаз әлемдегі мұнай өндірудің бестен бір бөлігі өтетін негізгі «тар өткел» саналады. «Ирандағы мұнай өндіру немесе экспорттау нысандарына жасалған кез келген шабуыл Brent маркалы шикі мұнай бағасын 100 долларға дейін көтереді, ал Ормуз бұғазының жабылуы бағаны 120 доллардан 130 долларға дейін көтеруі мүмкін» деп атап өтті Lipow Oil президенті Энди Липоу. 
 Саяси тұрғыдан Иран Израильдің қол сұғылмаушылық дәуірінің аяқталғанын көрсетті. Израиль мен оның одақтастары Иранның Израиль аумағына тікелей соққы бергеніне қатты таң қалғаны анық, өйткені, бұған дейін ешкім мұндай батыл шешімге бара алмаған. Иранның өзі де Батыс елдерінің мықты қорғауындағы Израильмен тікелей әскери қақтығыстың басталуына тіпті де мүдделі емес. Әйтсе де, олар үшін Израильдің бұрын-соңды болмаған әрекетіне жауап ретінде әйтеуір бірнәрсе жасау маңызды болған сыңайлы. Иранның дрондары мен зымырандарын АҚШ пен 
Ұлыбритания атып түсіргені де белгілі болып қалды.
АҚШ Өкілдер палатасында дайындалған заң жобасы АҚШ бюджетінен Израильді қолдауға 26,38 миллиард доллар бөлуді көздейді. Заң жобасының мәтіні Америка конгресінің сайтында жарияланған.
17 сәуірде Иерусалимдегі Еврей университеті әлеуметтанушылары жүргізген сауалнама қорытындысы израильдіктердің 74 пайызы егер Израильдің одақтастарымен қарым-қатынасына нұқсан келтірсе, Иранға қарымта шабуыл жасауға қарсы болатындықтарын көрсетті. Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқандардың 26 пайызы қарым-қатынасты бұзған жағдайда да Иранға соққы беруді қолдайтындарын білдірді.
Бастапқыда Израиль қорғаныс армиясы Иранның шабуылына жауап ретінде шешім қабылдаған еді. Алайда, Тель-Авив серіктестерінің кеңесін тыңдады.
Бұл жөнінде елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху:  «Мен достарымызға Израильді қорғауды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, оларда барлық ұсыныстар мен кеңестер бар, мен оны бағалаймын, бірақ түсіндіргім келеді: біз өз шешімімізді өзіміз қабылдаймыз. Израиль өзін-өзі қорғау үшін қажет нәрсенің бәрін жасайды» деді.
Бұл нені білдіреді?
Бұл Таяу Шығыс дағдарысы бүгін-ертең аяқталмайтынын білдіреді. Ал, қақтығыс одан әрі жалғасатын болса, одан кімдер ұтып, кімдер ұтылады? Мұның жауабын алдағы күндер 
береді.

Баспасөз материалдары бойынша дайындаған Б.ДӘРІҚОЖА.

2 пікір

  • sonisvbmnm
    sonisvbmnm

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

Пікір қалдырыңыз