Құрылыс сапасы қатаң бақылауда

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» шағынауданының инженерлік инфрақұрылымы мен абаттандыру жұмыстары бойынша жауапты сала басшыларының есебін тыңдады.

Жаңа шағынаудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ең алдымен мұнда инженерлік инфрақұрылым жұмыстары сапалы болу қажет екенін айтқан қала басшысы сала жетекшілеріне әлеуметтік және тұрғын үй объектілерінің құрылыс барысын қатаң бақылауға алатынын жеткізді.

Шағынаудандағы ішкі орамдарда электр желісі, су жүйесі, жылу жүйесі мен кәріз жүйесі сынды инженерлік инфрақұрылым жұмыстары толығымен аяқталған. Аталған орамдардағы құрылысты мердігер мекеме «Build Stroy» ЖШС жүргізген.

Бүгінгі таңда жаңа құрылыс алаңында асфальт төсеу және электр бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз