Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Түркістан облысына келді

Қабылдау өткізіп, оның қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді.
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.К.Мурзалин жұмыс сапарымен Түркістан облысы мен Шымкент қаласында болды.
Сапар барысында бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады.
Әлеуметтік-экономикалық даму бойынша облыстық, қалалық және аудандық құрылымдардың басшыларымен кеңестер өткізді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Шымкент қаласында азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, оның қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді.