«Дәрігерлер аллеясы» ашылды

Түлкібас ауданында медицина қызметкерлері күні қарсаңында «Дәрігерлер аллеясы» ашылды.

Аллея ортасынан дәрігер мен медбикенің ескерткіші бой көтеріп, онда «Дәрігерлерге мың алғыс!» тақтайшасы орнатылды. Сондай-ақ, келушілерге арнап 8 орындық пен түнгі жарықшамдар қойылды. Абаттандыру мәселесіне де айрықша көңіл бөлініп, 70 түп арша және ақ қайың көшеттері отырғызылып, көк шөп төселді.

Жаңадан ашылған саябақтың аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Оған аудан бюждеті есебінен 12 млн. теңге жұмсалды.

Игі шараның ашылу салтанатында сөз алған Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт дүние жүзін жайлаған қауіпті індетпен күресте медицина қызметкерлерінің еңбегі ерен екенін атап өтіп, адам өмірінің арашашысы болып жүрген жандарға алғысын білдірді.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз