Шаруалар тамшылатып суару әдісін тиімді қолдануда

Ағын суды тиімді, ысырапсыз пайдаланудың жарқын үлгісін көрсетуде.

Түркістан облысы Келес ауданының шаруалары тамшылатып суару әдісінің тиімділігін көруде. Атап айтқанда Қошқарата ауылдық округінің Жаңа қоныс ауылында орналасқан «Бижігіт-ата» шаруақожалығының иесі Нұрбол Жанұзақов 10 гектар аумаққа тамшылатып суару әдісін қолданып отыр. Бүгінде 5,5 гектар жерге жылыжай, 4,5 га жерге ашық алқапта өнім өсіріп, ағын суды тиімді, ысырапсыз пайдаланудың жарқын үлгісін көрсетуде.

 

Жылыжай кешені жылына 120 тонна өнім беруге қауқарлы. Өнімнің қияр, болгар және баклажан түрлерін өндіретін кешеннің жалпы құны 85 млн теңгені құрайды. 2018 жылы жылыжай құрылысын бастап, 2019 жылы алғашқы өнімін еккен шаруа өңірдің климаттық жайының ұтымдылығын пайдаланып, ашық алқапқа да егінін егуде. Алқаптың 3,5 гектарына сарымсақ өсірсе, 1 гектар аумаққа баклажан өнімін отырғызған. Жеке кәсіпкер жалпы 15 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр.  

 

Пікір қалдырыңыз